«Бір ел-бір кітап» акциясы

30 қыркүйек күні «Бір ел-бір кітап» акциясы бойынша  Абай атындағы кешенді мектеп лицей кітапханашылармен, М.Әуезов атындағы аудандық орталық кітапхана қызметкерлері Г.Искакова мен Ш.Рахымжанова Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» мен ақын Әбділда Тәжібаевтың өлеңдері бойынша  «Қазақ әдебиетінің тұлғалары» атты әдеби танымдық сағат өтті.

Әдеби танымдық кешке М.Әуезов орталық кітапханың әдіскері А.Битибаева, директордың міндетін атқарушы Д.Камал, ұстаздар, оқушылар қатысты.

М.Әуезов орталық кітапхананың қызмеркері Г.Искакова Ә.Кекілбаев пен Ә.Тәжібаевтың өмірбаяны мен шығармашылығына баяндама жасады. 7-сынып оқушылары Ә.Тәжібаевтың шығармаларынан әдеби монтаждарымен,  Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романынан үзінділер оқылды. Викториналық сұрақтар қойылып, кітап көрмесі жасалды,  слайд, видеоролик көрсетілді.

Бүгінгі таңда жас ұрпақты отаншылдыққа, ерлікке, намысқа, ұлтжандылыққа тәрбиелейтін жазушыларымыздың шығармаларының түпкі негізі де Тәуелсіз еліміздің Мәңгілік елге айналуы. «Бір ел-бір кітап» акциясы жылдан жылға жалғасын таба бермек.