Аты, тегі, әкесінің атының ауысқаны туралы анықтаманы қалай онлайн алуға болады?

Егер сіз тегіңізді не есіміңізді өзгерткен болсаңыз, бұл туралы анықтаманы онлайн түрде egov.kz порталы арқылы алып көріңіз. Қызметті онлайн алу үшін: Порталда авторланып, «Қызметті онлайн алу» батырмасына өтіңіз; Өтінімді толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз немесе смс-құпиясөзді пайдаланыңыз; Қажетті төлемді жүргізіңіз; Өңделген анықтаманы жеке кабинетіңізде «Қызметтерді алу тарихы» тарауынан таба аласыз; Ескерту! Онлайн-қызметті 2008 жылғы 14 сәуірден бастап тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы жазба актісі жазылған азаматтар ғана ала алады. #oqytoqy