2019 жыл – Жастар жылы аясында жастар арасында тоғызқұмалақтан өткен аудандық жекелей чемпионат

01 қазан күні 2019 жыл – Жастар жылы аясында жастар арасында тоғызқұмалақтан аудандық чемпионат өтті. Жарыстың мақсаты: 2019 жыл – Жастар жылын атап өту, ойыншылардың кәсіби шеберлігін арттыру, тоғызқұмалақшыларды ШҚО жастар чемпионатына іріктеу болып табылады. Жарысқа 40 ойыншы қатысты.

Қызықты және өте тартысты өткен ойынында ұлдар арасында:

I орынды Қайратұлы Нұралы (Абай атындағы мектеп-лицей),

II орынды Қожағұл Ерасыл (Қарауыл гимназия),

III орынды Төкенов Айбар (Ш.Әбенов о/м),

III орынды Жұмабек Дамир. (Абай атындағы мектеп-лицей),

Ал қыздар арасында:

I орынды Кеңесбекова Ақбота (Қарауыл гимназия),

II орынды Назымқызы Айзада (Қарауыл гимназия),

III орынды Әлемқызы Әмина (Қарауыл гимназия),  

III орынды Жабасова Айнара (Қарауыл гимназия),

Сондай-ақ, үздік ойын көрсеткені үшін Акимов Мейірлан (Қарауыл гимназия) марапатталды.  

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Абай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы мадақтамалар және сыйлықтармен марапатталды.