"Баршаның назарына!» сигнал жарияланған кездегі халықтың іс – әрекеті

Қазақстан Республикасының әрбір азаматы "БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА" белгісін алған кездегі іс-қимыл тәртібін білуге міндетті.

"Баршаның назарына!" құлақтандыру сигналы – төтенше жағдайлар туындау қатері төнген немесе туындаған кезде халықтың назарын аудару үшін дабылдамалар немесе басқа да сигнал беру құралдары арқылы берілетін құлақтандырудың бірыңғай сигналы"("Азаматтық қорғау туралы" ҚР Заңының 1-бабының 20-тармағы).

"Баршаның назарына!" құлақтандыру жүйесі ТЖ туындау қаупі немесе туындауы туралы және қалыптасқан жағдайдағы адамдардың іс-қимыл тәртібі туралы ақпаратты халыққа бір мезгілде және бірнеше рет қайталанатын жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс.

Осы белгі бойынша халық Теледидарлар, радио және басқа да ақпарат қабылдау құралдарын қосуға, берілетін ақпаратты мұқият тыңдауға және іс-қимыл тәртібі мен тәртіп ережелері бойынша талаптарды орындауға міндетті.

Халықты қауіп туралы, қауіп аймағында пайда болған жағдай туралы уақытылы хабардар ету, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезіндегі жүріс-тұрыс тәртібі туралы ақпараттандыру халықты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі басты іс-шаралардың бірі болып табылады.

Халықты хабардар ету өзіне электросиреналарды қосу арқылы 2-3 минут ішінде оған хабарлау сигналын жеткізуді қамтиды ("Баршаның назарына!") туындаған қауіп-қатердің сипаты мен қалыптасқан жағдайлардағы мінез-құлықтың тәртібі туралы Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түсіндірме сөйлеу ақпаратының негізінде жүзеге асырылады.

Халықты хабардар ету және хабардар етудің негізгі тәсілі – хабар тарату желілері бойынша сөйлеу хабарламаларын беру. Шұғыл хабарламалар әуе қауіптілігі туралы, химиялық, радиоактивтік зақымдану қаупі төнген кезде, химиялық қауіпті объектідегі немесе темір жол көлігіндегі авария кезінде, табиғи апат және халықтың қауіпсіздігіне қатер төндіретін басқа да ТЖ кезінде берілуі мүмкін.

Хабарлаудың ақпараты радио және сымды байланыс арналары бойынша, радиохабар, теледидар желілері және ұйымдардың меншік нысанына қарамастан басқа да техникалық құралдар бойынша беріледі.

 

ШҚО ТЖД Абай ауданының ТЖ Бөлімі