Онлайн-БКМ кезең-кезеңімен қолдану

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті    Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 206  бұйрығы бойынша «Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы» тоқсан сайын салық төлеушілер оларды жүзеге асырған кезде онлайн-бақылау-касса машиналарын   қолданатын  қызмет түрлерін ұлғайтуды қарастыратындығын хабарлайды.

 2019 жыл ішінде тоқсан сайын онлайн-БКМ қолдануға 633 қызмет түрі:

2019 жылдың 1 сәуірінен 323 қызмет түрі

2019 жылдың 1 шілдесінен 86 қызмет түрі

2019 жылдың 1 қазанынан 224 қызмет өтуі тиіс.

 Осылайша, ҚР ҚМ МКК-мен 2019 жыл ішінде толық онлайн-БКМ қолдануға көшіру жүзеге асырылады.

 Онлайн-БКМ қолдану бойынша талап, қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге таратылмайтынын ескерген жөн. 

 БКМ қолдану тәртібі Салық кодексінің 166-бабымен реттеледі.

 ҚР Салық кодексінің 166-бабының 1 - тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар бақылау-касса машиналарын мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiлетініне назар аударамыз.

 Ақшалай есеп айырысулар кезінде бақылау-касса машиналарын қолданудан:

 1) жеке тұлғалар

 2) адвокаттар мен медиаторлар қызметін:

 3)  патент негізінде 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін;    

 бірыңғай жер салығын төлеу негізінде арнаулы салық режимі шеңберінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер  (акцизделетін тауарларды өткізушілерден басқа) 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін;

 4) билеттерді бере отырып, қалалық қоғамдық көлікте тасымалдау бойынша халыққа қызметтер көрсету бөлігіндегі;

 5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі;

 6) екінші деңгейдегі банктер босатылады.

 Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында  орналастырылған.

 

Абай ауданы  бойынша
Мемлекеттік кірістер  басқармасы