«Туған жер» жобасына  орай  Нысан  абыз  басындағы  саяхат- сабақ

19-қыркүйек күні  «Туған жер» жобасы аясында  «Нысан абыз» басында «Медеу орта мектебі »КММ-нің 10-11 сынып оқушылары мен тарих пәнінің мұғалімі аталған жерде саяхат- сабағын өткізді.  Пән  мұғалімі К.Ундибаева  оқушыларды  Нысан Абыз туралы тарихи  тың мәліметтермен таныстырды.

Іс-шараның  мақсаты: сынып оқушыларына туған жердің ,елдің тарихымен таныстыру; Қазақстан тарихы пәнімен байланыстыру барысында болашақ жастардың халқымыздың өткенін білуге деген құштарлықтарын дамыту; өздігінен білім алуға, ізденуге, ойларын ашық жеткізуге, тұжырымдама жасауға жетелеу.