Президенттік жастар резерві

Биыл «Жастар жылындағы» жағымды жаңалықтардың бірі болған Президенттік жастар кадрлық резерві жөнінде біріншіден, Резервке үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптардың қолжетімділігі қуантады. Себебі, әрбір35 жасқа дейінгі азаматтың 5 жылдық еңбек өтілі бар. Оның болмауы мүмкін емес. Яғни, жастардың басым көпшілігіне өзінің бақтарын сынап көруге мүмкіндік туып отыр. Екіншіден Президенттік жастар резервіне өткендер саяси және жоғары әкімшілік лауазымдарға, ұлттық холдингтар мен компаниялардың жоғары басқарушы лауазымдарына тағайындалуға мүмкіндік алады. Президенттік жастар кадрлық резерві көзінде оты бар, жүрегі елім деп соғатын жалынды жастарды іріктеп, олардың кәсіби және тұлғалық тұрғыда дамуына үлкен септігін тигізетіні сөзсіз.