Жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі ережелері

Пешпен жылыту барысында өрттің алдын алудың басты шарты - оларды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз орындау болып саналады:
- пешті жылыту маусымына қарай алдын ала дайындап қою қажет, пеш пен түтіндіктің дұрыстығын тексеру, оларды жөндеу, күйеден тазалау, ойықтарды глина-құм ерітіндісімен жағып, төбедегі түтін құбырын ақтау қажет;
- от салынған пешті қараусыз қалдырмаңыз, оларды қарауға кішкентай балаларға тапсырмаңыз;
Балаларға ұдайы отпен ойнамау қажеттігін, оның қаншалықты өмірге қауіпті екендігін ұғындырып отырыңыз, оларға пайдалы демалыс ұйымдастырыңыз. Оларға тұрғын жылыту құралдарын қолдануға тыйым салыңыз, олардың қолы жететін жерлерден сіріңкені алып тастаңыз, балаларды еш уақытта қараусыз қалдырмаңыз;
- пешті жағуға еш уақытта бензинді, керосин, дизельді жанар-жағар майды және басқа да тез тұтанатын сұйықтықтарды қолданбаңыз;
- пешті көмірмен, кокспен, газбен, оған арналмаған затармен жақпаңыз;
- пеш алдындағы бетке жанар-жағар май, басқа да жанғыш сұйықтырқтар мен материалдарды қоймаңыздар;
- пеш үстінде киім кептірмеңіз;
- жылыту пештері жанғыш құрлыстардан, белгіленген үлгідегі пеш алды беттен нормамен белгіленген өртке қарсы айырымдары болуы тиіс.

Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданының ТЖ бөлімі