"Мен және менің сүйікті отбасым" тақырыбында тәрбие сағаттары өтті

Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарында 2019 жылы 25 қазанда "Отбасы-тәрбие басы, мектеп-тәрбие жаршысы "атты бірыңғай сынып сағаттарының тұжырымдамасын негізге ала отырып, ауданымыздың білім мекемелерінде тәрбие сағаттары өтті. Отбасының шешуші рөлін тану негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу-"Рухани Жаңғыру" бағдарламасын іске асыру жағдайында тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің міндеті болып табылады. Сынып сағатының мақсаты: отбасы тәрбиесі мәселелерінің өзектілігі , оқушылардың отбасындағы алатын білімін ауқымдату, әр адамның отбасындағы тұлға екендігін анықтау,баланың тұлға ретінде қалыптасуына отбасының рөлінің маңыздылығы, оның патриоттық көзқарасы. Осы мақсатта 1-11 сынып оқушыларына "Мен және менің сүйікті отбасым" тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. Сонымен қатар "Менің бақытты отбасым" фотосуреттер көрмесі, бейнефильмдер көрсетілімі, "Менің отбасымның құндылықтары" тақырыптарында ата-аналармен, еңбек ардагерлерімен кездесулер, "Отбасындағы бос уақытты өткізу дәстүрі" тақырыбында ата-аналардың қатысуымен спорттық сайыстар өткізілді. Әлеуметтік желіде отбасы тақырыбында оқушылар, ата-аналар, ұстаздардың қатысуымен бейнероликтер түсіріліп, орналастырылды.