«Абай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Шағын және орта бизнес саласындағы 2018 жылдың үздік кәсіпкерлері» аудандық конкурсы өткізілетіндігі туралы хабарлайды

Конкурсқа қатысуға жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын, шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын ұйымдар – Қазақстан Республикасының резиденттері жіберіледі.
Конкурс төрт аталым бойынша өткізіледі:
1) Әр ауылдық округтердегі ауыл шаруашылығы саласына үлес қосқан шаруа қожалықтары;
2) Әр ауылдық округтердегі тұрғындарды қызмет көрсету саласындағы белсенді кәсіпкер
3)Ауданның үздік кәсіпкері
4) Ауданның үздік шаруа қожалығы
Құжаттарды қабылдау 2019 жылғы 18 қарашаға дейін жүргізіледі. Конкурс өткізу ережелері туралы ақпаратты және қатысушылар тапсырыстарының нысандарын, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды «Абай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ-не тапсыруға болады: Қарауыл ауылы, Құнанбай к-сі, 14, каб №26, тел.9-17-40