Ұлы Абай Құнанбайұлының туған жері - Сырт Қасқабұлақ мекеніне ағаш егу жұмыстарын ,(қайың және шынар) ағаштарын отырғызу

Бүгін облыс әкімінің тапсырмасына орай Ұлы Абай Құнанбайұлының туған жері - Сырт Қасқабұлақ мекеніне ағаш егу жұмыстарын ,(қайың және шынар) ағаштарын отырғызу шараларын екінші мәрте ұйымдастырдық.
Шараға Абай ауданының әкімдігінің қызметкерлері және Қасқабұлақ ауылының белсенді тұрғындары қатысты.
Ұлы Абайдың 175 жылдығы аясында ақынның туған жері – Сырт Қасқабұлақты абаттандыру жұмыстарын алдағы уақытта да жалғастыра беретін боламыз.
Себебі Сырт Қасқабұлақ -ауданымыздың тарихи маңызы зор мекені және ұлы ақынның өмір жолымен танысудың алғышарты.