1 қарашадан бастап өз атыңыздан үшінші тұлғаларға мекенжай мәліметтерін көруге рұқсат беретін сервис қызмет көрсете бастайды

Egov.kz порталында қызмет қалай аталады? ✅ Үшінші тұлғалардың анықтамаларды алу сервисі Қызметті онлайн қалай алу керек? ✅Өз атыңыздан үшінші тұлғаларға мәліметтерді көруге рұқсат беру үшін мәліметтерді сұратушы тарап порталда авторизациядан өтіп немесе тіркеліп, қызметке онлайн тапсырыс беру батырмасын басуы керек; ✅Сұрау жасатқан тарап сіздің ЖСН-ініңізді енгізуі қажет; ✅Берілген анықтамалар мен қызметтер ішінен «Мекенжай мәліметтерін сұрату» қызметін таңдап, ЭЦҚ-мен немесе смс-пароль көмегімен қол қоюы керек; 📲Бұл ретте, сізге келген смс-хабарламада үшінші тұлғаның сіздің атыңызға мәліметтерді сұратқаны және оған рұқсат беруіңізді сұрайды. СМС-ке жауап 2 сағат ішінде берілуі керек. ‼️Ескерту: Жүйені пайдалану үшін сұратушы тарап пен мәліметтерді ұсынуға рұқсат беруші тараптың ЭЦҚ-сы немесе мобильді азаматтар базасында тіркеуі болуы шарт.