"Рухани жаңғыру - жастар жолы" жастар керуені

Бүгін Абай ауданында "2019 - Жастар жылына" орай "Жігерлі жастар ауылға" жобасы аясында ауылдық жерлерде тиімді еңбек ету идеологиясын ілгерілетуге және жастарға мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдалануға бағытталған "Рухани жаңғыру - жастар жолы" жастар керуені келді.
Шара барысында аудан жастарымен кездесу өткізілді.
Сондай-ақ аудандық медицина бірлестігінде білікті гинеколог,уролог мамандары келіп қабылдау жасады.