Бүгін Семей өңірі бойынша өкіл имам Асқар Әбітайұлы Мұқанов Абай ауданында іс-сапармен болды

18 қазан 2019 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бұйрығымен Асқар Әбітайұлы Мұқанов Семей өңірі бойынша өкіл имам, Семей қалалық «Қос мұнаралы» орталық мешітінің бас имам қызметіне тағайындалды. Ал бұған дейін Семей өңіріне өкіл имам болған Мақсат Қуанышұлы Алтыбай мешіттің наиб имамы ретінде жұмысын жалғастыратынын айтты.