Жазғы демалыс лагерлеріне барып қайтты

2019-2020 оқу жылының 1 тоқсаны бойынша Абай ауданынан 22 оқушы республикалық, облыстық  лагерьлерге барып, демалуда. Атап айтсақ, республикалық "Балдәурен" оқу-сауықтыру лагеріне 12 оқушы, "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық білім беру-сауықтыру лагеріне  көпбалалы, аз қамтылған отбасынан 4 оқушы, ШҚ ғылыми-әдістемелік "Дарын" орталығының ұйымдастыруымен "Таулы Үлбі" лагеріне 6 оқушы барып демалып қайтты.