Емханаға онлайн тіркелу Достар!

Бүгін #қысқанұсқа айдарында біз сіздерге емханаға онлайн тіркелу жолдарын айтпақпыз. Егер сіздің электронды цифрлық қолтаңбаңыз болса, ХҚО-ға бармай-ақ, таңдаған емханаға тіркеле аласыз. Ол үшін: Egov.kz электронды үкімет порталына кіру; «Денсаулық сақтау» бөліміне өту; «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымдарына тіркелу» қызметін таңдайсыз. Әрі қарай «Онлайн сұрау» батырмасын басып, өзіңіз жайлы деректерді көрсете отырып, өтінішті жолдайсыз. Қызмет 1 жұмыс күні ішінде тегін көрсетіледі.

Бұл қызметті тұрғылықты мекенжайыңыз өзгерген кезде немесе тіркелген емханаңызды өзгерткіңіз келген кезде (жылына бір рет) пайдалана аласыз.