«Көркейген Көкпектінің Абай еліне тағзымы»

Абай аудандық мәдениет үйінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және ұлы ақын Абай  Құнанбаевтың  175 жылдығына орай Көкпекті ауданының өнерпаздары Абай ауданы тұрғындарының назарына «Көркейген Көкпектінің Абай еліне тағзымы» атты концертін ұсынды.