Аудан әкімі ауданымыздағы бірден бір арнаулы оқу орны Абай колледжінде болды

Аудан әкімі ауданымыздағы бірден бір арнаулы оқу орны Абай колледжінде болып, колледждің оқу процесімен, студенттердің тамақтану, асхана жағдайымен танысты. Сондай-ақ колледж студенттерімен кездесіп, ұстаздар мен мастерлердің педагогикалық методикаларын, лабораториялық құрал-жабдықтарын көрді. Алдағы уақытта аудандық білім бөлімімен бірлесіп ауданымызға қажетті мамандықтар даярлау бойынша тапсырмалар берділді.