Аудан әкімі Қасқабұлақ ауылдық округінде болып қайтты

Аудан әкімі Қасқабұлақ ауылдық округіндегі М.Әуезов атындағы орта білім беретін мектептің оқу процесімен, оқушыларға берілетін ас мәзірімен, IT сынып, Кадет сыныптарымен танысты. Жылу қазандықтарын көріп, қыс мезгіліне дайындықтары пысықталды. Сондай - ақ ауылдың дәрігерлік амбулаториясын көріп тиісті тұлғаларға тапсырма берілді.