"Шығыс - адалдық алаңы" жобасы аясында "Адалдық сағаты" тақырыбында дөңгелек үстелдер өткізілді

"Шығыс -адалдық алаңы" жобасы аясында мектепке дейінгі және орта білім беру орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы жоспарға сай тұрақты негізде "Адалдық сағаты" тақырыбында дөңгелек үстелдер, ата -аналармен жиналыс, тәрбие сағаттары өткізілді. Сондай -ақ, С.Бекбосынов атындағы орта мектебінде "Парасаттылық мектебі" сыныбы ашылып шыншылдық, адалдыққа байланысты ұлы ғұламалардың сөздерімен, тақырыптық суреттермен безендірілді. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар жүйелі жүргізіле бермек.