«Дармен» ұялы қосымшасы

ШҚО ТЖД Абай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, мемлекетіміздің бірыңғай ақпараттық саясатына байланысты ҚР аумағында «Дармен» ұялы қосымшасы енгізілгендігін аудан тұрғындарына жеткізеді.

«ШҚО ТЖД ескертеді» қосымшасын пайдаланушылардан «Дармен» қосымшасына қайта жазылуын сұраймыз.

2019 жылдың 1 желтоқсаныныан бастап «ШҚО ТЖД ескертеді» ұялы қосымшасы қызметін тоқтатады. «Дармен» ұялы қосымшасы тұрғындарды дауылдық құбылыстар, қыс маусысында жолдардың жабылуы, мектептегі сабақтың шегерілуі және т.б. туралы уақтылы ақпараттандыруға мүмкіндік береді.

«Дармен» ұялы қосымшасы «Play market /darmen/» және «App store /darmen/» қосымшаларында жүктеуге қол жетімді.

ШҚО ТЖД Абай ауданының ТЖБ