Хабарландыру

Қазақстан Республикасының 25.12.2017 жылғы №120-VI «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» туралы Салық Кодексінің 74-бабы 3-тармағына сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап төлеушінің тіркеу есебіне электрондық салық төлеушi ретінде тіркеу жүргізілмейді. «Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызметі түрі жойылады, яғни мемлекеттік кірістер басқармасында  электрондық цифрлық қолтанба берілмейді.

 

Абай ауданы бойынша мемлекеттік                                           
кірістер басқармасы