«Қазақстан. Нұрсұлтан. Болашақ»
1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президент күніне орай М. Әуезов атындағы аудандық орталық кітапханада қазан айының .
27 күні сағ. 11- де «Қазақстан. Нұрсұлтан. Болашақ » атты мерекелік кеш өтті. Кешті кітапхана қызметкері Серіккүл Әбенайқызы Елбасымыздың – халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған , өркениетті елдердің басшыларымен терезесі тең , сөйлексенде сөз алатын , елдескенде мейрімін шашатын саясаткер ретінде Тәуелсіз Қазақ елі мен Елбасы ұғымы екен баяндалып, халқымен бірге жүріп өткен жолдары таныстырылып , Тұңғыш Президент туралы «Балалық шағымның аспаны» атты кино туындысы, ән мен жыр өнерінен де құр алақан қалмаған Елбасымыздың «Үш қоңыр» , «Елім менің», атты әндері нақышына келтіріліп шырқалды. Қаламқас халық ән – би ансамбілінің белді мүшесі, әнші Қ. Қабышев өзінің шәкірті Ж. Қайратұлы мен кештің сәнін келтірді .
Іс – шара барысында Абай атындағы лицейдің 2 «а» , 7 «б» сыныптың оқушылары, ұстаздары С. Керімханқызы , Т. Смайылова үлкен жауапкершілікпен ат салысты. Сондай ақ мерекелік кешке
«Nur- Otan» партиясының кеңесшісі А. Ақылбеков , ауыл ардагер аталарымыз , Абай колледжінің студенттері ұстазымен Е. Шаяхметов қатысып , Ардагерлер кеңесінің төрағасы С. Мұқажанов өткен іс –шараға ризашылығын білдіріп, мерекемен құттықтап, өскелен жас ұрпаққа батасын берді.




Кітапхана әдіскері: А. Битибаева.