Әдеп кеңесінің отырысы өтті

Абай ауданының жергілікті атқарушы органдарындағы Әдеп жөніндегі уәкіл Д.Маратұлының төрағалығымен ӘДЕП КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ өтті.
Кеңесте мемлекеттік қызметшілер арасында жүргізілген анонимді сауалнамалардың қорытындысы басшылық лауазымдағы тұлғалардың қатысуымен талданды. Ұжымдағы моральдық-этикалық жағдай қалыпты екені анықталды.
Сонымен қатар, кеңесте қызметтік іс-сапарға келген мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидаларын сақтауы, оларды арнайы нұсқаулықтармен таныстыру, барлық мемлекеттік қызметшілердің өздерін лайықты деңгейде ұстауы мәселелері талқыланды.