Қазақстан Республикасының Тұңғыш Презитент күні мерекесіне орай ардагерлер арасында шағын футболдан өткен аудандық жарыс

28 қараша күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Презитент күні мерекесіне орай ардагерлер арасында шағын футболдан өткен аудандық жарыс өтті. Жарыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Презитент күні мерекесін атап өту, ҚР Президентінің 2019 жылғы Жолдауында айтқандай «Барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту».

Жарысқа 6 команда қатысты. Нәтижесінде үздік ойынмен шеберлік танытқан командалар жүлделі орындарға ие болды.

I-орынды Қарауыл ауылының командасы,

II-орынды Көкбай ауылының командасы,

III-орынды Қарауыл гимназиясының командасы марапатталды.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Абай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің мадақтамалары және сыйлықтарымен марапатталды.