«1 желтоқсан- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мерекесіне арналған «Елбасы-елдің тірегі» атты салтанатты жиын, мерекелік концерт 29 қараша күні Абай аудандық мәдениет үйінде өтті.

Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік салтанатты жиын ашық деп жарияланып Әнұран ойналды. Абай ауданы маслихат хатшысы Е.Лдибаев «1 желтоқсан- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мерекесімен аудан тұрғындарын құттықтап, сөз сөйледі. Мерекелік салтанатты жиынға арнайы шақырылған құрметті қонақтар Елбасына тұңғыш бата берген, Абыз ақын Шәкір Әбенов атамыздың қызы Сана Шәкірқызы, Елбасына бата берген, Ұлы Отан соғысының ардагері Жүнісжанов Жағыпар атамыздың ұлы Малгаждар Жағыпарұлы, Елбасының қабылдауында болған, Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері, Абай атамыздың тікелей ұрпағы, Абай ауданының Құрметті азаматы Бақыт Шағатаева, Елбасының қабылдауында болған, Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, Шапағат медалінің иегері Тамара Көзбаева, Елбасының қабылдауында болған, кемеңгер ұстаз, «Абайдан соң» атты төрт томдық роман эпопеяның авторы, Ұлы Отан соғысының ардагері, жазушы Кәмен Оразалин атамыздың ұрпағы Елдар Кәменұлы қатысты. «Қаламқас» халық ән-би ансамблінің мерекелік концертінде әншілер триосының орындауында «Қазақтай ел қайда» әні, Бақыт Шағатаеваның орындауында «Айналдым елім» әні, Жанат Хайсинаның орындауында «Астана» әні, бишілердің орындауында «Шашу» биі, Таңнұр Жақсыбектің орындауында «Жүрегім қазақ» әні, Еркеназ Мәнненованың орындауында «Елім менің» әні, Тамара Көзбаева және Жайнагүл Тұрсынбаеваның орындауында «Елге арнау» әні, Б.Шағатаева мен Т.Көзбаеваның орындауында К.Назарбектің «Қазақстан» әнін орындап көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Г.Саринаның «Абай елі» әнімен мерекелік шара соңы аяқталды.