Ұлы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай 2019 жылы 22 қараша күні Алматы қаласындағы Ә.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында «Абай әндері» атты ақынның шығармашылық концерті өтті. Абай әндері мен сөзіне жазылған музыкалық шығармалар концертіне «Қаламқас» халық ән-би ансамблінің дәстүрлі әншісі Қонысбек Байдашев қатысып қайтты. Сондай-ақ кеш барсында халқымыздың әйгілі өнерпаздары Роза Рымбаева, Сұлушаш Нұрмағамбетова, Нұржамал Үсенбаева, Рамазан Стамғазиев, Сейфуллин Жолбарыс, Ерлан Рысқали, Еркін Шүкіман т.б жұлдызды әншілер өнер көрсетті.