28 қараша күні Медеу орта мектебінде Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында "Туған өлкем- тарихи мекен" тақырыбында аудандық семинар өтті. Мақсаты- әр адамның кіндік қаны тамған жеріне сүйіспеншілігін білдіру, өзінің тарихына , мәдениетіне бойлай білу. Отанды сүюге, өз тарихын білуге, жалпы адамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным-белсендіктерін арттыру. Семинар аясында ашық сабақтар, тәрбие сағаттары, келген қонақтармен коучингтер ұйымдастырылды. Сонымен қатар мектеп ішіне саяхат жасалып, әдістемелік және қолөнер көрмесімен таныстыру жұмыстары жүргізілді.