29 қараша күні "Абай ауданының білім бөлімі" ММ-нің жылдық жоспарына сай алқа мәжілісі өтті

29 қараша күні "Абай ауданының білім бөлімі" ММ-нің жылдық жоспарына сай алқа мәжілісі өтті. Алқа мәжілісі Абай ауданының білім бөлімінің басшысының төрағалығымен, білім беру мекемелерінің басшылары, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және білім бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен өтті. Күн тәртібінде
1. 1 оқу тоқсаны бойынша білім сапасының қорытындысына талдау жасау.
2. Абай ауданының мектептерінде жаңартылған бағдарламаның жүзеге асуы.
3. "PISA-2020", "PIRLS-2020" аралық тестілеу білім байқауларының қорытындылары.
4. Мектептерде қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша атқарылған шығармашылық жұмыстар.
Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың істері, аудан мектептеріндегі цифрландыру бойынша атқарылған жұмыстар, мектептердегі қаржының игерілу жағдайы туралы білім бөлімінің мамандары хабарламалар жасады.
Абай аудандық полиция бөлімінің ЖПҚБ бастығы, полиция капитаны Е. Рымжанов қатысып, мектеп оқушыларының қауіпсіздігін күшейту, кешкі уақыттағы кезекшілік мәселесі және т.б жұмыстар бойынша ақпарат берді.