"Экономика жəне басқару"

2019 жылдың 29 қараша күні Өскемен қаласында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың экономика жəне құқық факультетінің "Экономика жəне басқару" кафедрасының ұйымдастыруымен мектеп оқушыларының 10-11 сыныптары арасында экономика негіздері бойынша облыстық олимпиада болып өтті.

2019 жылдың 29 қараша күні Өскемен қаласында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың экономика жəне құқық факультетінің "Экономика жəне басқару" кафедрасының ұйымдастыруымен мектеп оқушыларының 10-11 сыныптары арасында экономика негіздері бойынша облыстық олимпиада болып өтті. Олимпиадаға Абай атындағы ЖОББ мектеп-лицейінен 4 оқушы қатысып, нəтижесінде 11сынып оқушылары Кенжеғалиұлы Нұрасыл тестілеу, экономикадан логикалық есептерді шығару сияқты тапсырмаларын орындап ,"Кейстің үздік шешімі" номинациясын жеңіп алса, Қанатқызы Бағжан 3-орынды иеленіп қайтты. Сондай-ақ Мерекеқызы Аружан мен Сəрсенбекова Айжанға арнайы мадақтама тапсырылды. Жетекшілері тарих пəнінің мұғалімі Қапанова Ғалия Саятқызына шығармашылық табыс тілейміз! Аудандық білім бөлімі аталған мектеп əкімшілігіне алғыс білдіреді.