Емханаға онлайн тіркелу жолдары

Егер сіздің электронды цифрлық қолтаңбаныз болса, ХҚО-ға бармай-ақ, таңдаған емханаға тіркеле аласыз.
Ол үшін:
- Egov.kz электронды үкімет порталына кіру;
- «Денсаулық сақтау» бөліміне өту;
- «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымдарына тіркелу» қызметін таңдайсыз.
Әрі қарай «Онлайн сұрау» батырмасын басып, өзіңіз жайлы деректерді көрсете отырып, өтінішті жолдайсыз.
Қызмет 1 жұмыс күні ішінде тегін көрсетіледі.
Бұл қызметті тұрғылықты мекенжайыңыз өзгерген кезде немесе тіркелген емханаңызды өзгерткіңіз келген кезде (жылына бір рет) пайдалана аласыз.