Жұқа мұз-жасырын қауіп

Қараша-күздің соңғы айы, аяз да барлық су айдындарын мұзбен жабады. Балалар мұз айдыны бойынша конькимен сырғанауға, тік жағадан шанамен сырғанауға, шаңғымен сырғанауға, ал олардың ата-аналары мұз астындағы балық аулауға жиналады.

Төтенше жағдайлардың негізгі себептері, балық аулау кезінде мұздағы қауіпсіздік талаптарын сақтамау, жұқа мүз үстімен автоколікпен өту және балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдыру болып табылады. 
Алайда, қайғылы жағдайларды болдырмау үшін мұз үстінде сақ болу керек, қарапайым, бірақ міндетті кеңестерді қатаң орындау керек.

Мұзда төтенше жағдайға түспеу үшін-мынаны білу керек;

- бір адамға қауіпсіз мұздың қалыңдығы 10 см кем емес.

- өткелдерден өту үшін мұздың қалыңдығы 15 см және жоғары.

- автокөлікпен өту үшін мұздың қалыңдығы 30 см кем емес.

Өзендердің аузында және бұлақтарда мұз осал болады. Судың ағынды жерлерінде, бұлақ кірісінде және судың қорында мұз осал болады, суда өсетін өсімдіктердің, ағаштардың маңдарында, бұталардың, қамыстың жандарында.

Егерде ауаның температурасы үш күннен артық 0 градустан жоғары болса, онда мұздын осалдылығы 25% төмендейді.

Мұздың осалдылығын қарап білуге болады: көк түсті мұз - берік болады, ақ түсті - беріктігі 2 есе төмен болады, күңгірт ақ немесе сарғыштау мұз – қауіпті.

Мұздың қалыңдыгы 7 см жеткенде ғана балық аулауға болады, егерде жаңбыр жауып қысқа мерзімді еру басталса ондайда мұз қауіпсіз болуы мүмкін. Қар астындағы үлкен жарықтардан абай болу керек, жақын арада бірнеше тесік тесуге ұсынылмайды - ол мұзды осалдатады.

Суық суға түсіп кеткен жағдайда не істейсіз:

- үрейленбеңіз, өткір қимыл істемеңіз, деміңізді сақтаңыз;

- екі жаққа қолыңызды жайып мұз жиегінен ұстануға тырысыңыз, және денені көлденең ұстаңыз;

- «Баттым»! деп көмекке шақырыңыз;

- мұздың жиегіне абайлап төсіңізбен жатуға тырысыңыз одан кейн бір аяқты және екінші аяқтыда мұз үстіне лақтырыңыз;

- егерде мұз шыдаса, домалаңыз, келген жағыңызға қарай еңбектеңіз, ол жақта мұздың беріктігі тексерілген.

Зардап шеккенге дереу және абайлап көмектесу керек:

Егерде апат жағадан алыс емес жерде орын алса және зардап шегуші белсенді қозғалысқа кабілетті болса, оған арқан, шарф, ұзын таяқ, тақтай, баспалдақ және қол асты кұткару құралдарын беру керек;

Зардап шеккенді мұзды судан алып шыққаннан кейін дереу жылыту қажет, жылы бөлмеге жеткізіп, қажет болса «Жедел жәрдем» шақыру керек.

Табиғатқа кез келгенде шығуды мұкият жоспарлау, ойлану, егжей ұйымдастыру керек. Ауа райы болжауын, мұздың жағдайын біліңіз. Жақсы ауа райы кауіпсіздіктің кепілдігі бола алмайды. Апаттық жабдықтарды дайындаңыз (жылы киім, жеңіл палатка, қалқа, жадағай, жылтқыш, жанармай, уйқы қап, полиэтилен). Балық аулау (жорық) кезінде және оған дейін ішімдік қабылдау тәуекел дәрежесін арттырады, әсерін ақырындатады, қате шешімге әкеледі, жағдайдың жеңіл бағасын таңдатады.

Азаматтар! Мұзда абай болыңыз! Кауіпсіздік шараларын сақтаңыз және қатқан су айдындарынан өткен кезде, мұз асты балық аулау кезінде кауіпсіздік талаптарын сақтаңыздар!

Естеріңізде болсын! Егерде Сізге қауіпті жағдай төнсе, Сізге көмек қажет болса «112» Құтқару қызметінің телефон номерін теріп алыңыздар.

 

Алматы облысы ТЖД
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы