Қаржы нарығын реттеу және дамыту бойынша Қазақстан Республикасының Агенттігін одан шығару арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта ұйымдастырылғанын хабарлайды

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Шығыс Қазақстан филиалы «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конститутциялық заңының 17-1 және 19-баптарына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» 2019 жылғы 11 қарашадағы № 203 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес (бұдан әрі – Жарлық) Қаржы нарығын реттеу және дамыту бойынша Қазақстан Республикасының Агенттігін одан шығару арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта ұйымдастырылғанын хабарлайды.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту бойынша Қазақстан Республикасының Агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) өз құзыреті шегінде қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын, сондай-ақ өзге де тұлғаларды мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын, қаржы жүйесінің тұрақтылығын және қаржы нарығының дамуын қамтамасыз етуге жәрдемдесетін, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын және заңды мүдделерін тиісті деңгейде қорғауды қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынышты және есеп беретін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Агенттіктің миссиясы қаржы нарығын реттеу және дамыту, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының қаржы тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу, тұтастай алғанда қаржы жүйесіне сенімді қолдау және қаржы нарығында адал бәсекелестікті қолдауға бағытталған қаржы ұйымдарының қызметі үшін тең құқықты жағдайларды жасау болып табылады.

Баяндалғандарға байланысты, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Агенттіктің құзыретіне кіретін қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын және заңды мүдделерін бұзу мәселелері және басқа да мәселелер бойынша Өскемен қаласындағы Агенттіктің өңірлік өкілдерінің басқармасына (F02D8A4, Өскемен қ., Қазақстан көш, 3, телефондары: 8-7232-56-06-71, 8-7232-56-06-72) немесе тікелей Агенттікке (А15С9Т5, Алматы қаласы, «Коктем-3» шағын ауданы, 21-үй) жүгіну қажеттігін хабарлаймыз.

 

Ақпарат Ұлттық Банкінің
Шығыс Қазақстан филиалымен ұсынған