Бүгін аудан әкімдігінде Әдеп жөніндегі кеңес отырысы өтті

Бүгін 30.12.2019 жылы аудан әкімдігінде Әдеп жөніндегі кеңес отырысы өтті. Жиында төмендегідей мәселелер қаралды:

1.       Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп нормаларын қатаң сақтауы.

2.       «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талдау.

3.       Мемлекеттік органның имиджін көтеруге үлес қосқан мемлекеттік қызметшілерді марапаттау.

Төмендегідей мемлекеттік қызметшілерге аудан әкімінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл М.Смағұлов мемлекеттік органның имиджін көтеруге үлес қосқан мемлекеттік қызметшілерді марапаттады:

o    Мұратов Бурхан Нұрланұлы - ақпараттық технологиялар,мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы.

o    Ермұқашева Үмітхан Секенқызы - персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысының м.а.

o    Жұмабек Жанат Ашманқызы - қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы.

o    Қабеп Жарас Сәбитұлы - заң бөлімінің басшысы.

o    Ибраев Дархан Берікжанұлы – Қарауыл ауылдық округінің бас маманы.

o    Бейсенбаев Нұрлан Базарбайұлы - ауданның экономика және қаржы бөлімінің бас маманы.

o    Орынбаева Гүлайым Панарбекқызы - ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы.

o    Сайлаубеков Жандос Жасұланұлы – ауданның сәулет, құрылыс,тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы.

o    Қайроллаев Әсет Жанатұлы - аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы.

o    Хамитжанова Арай Аскатовна - аудандық білім бөлімінің бас маманы.

o    Тлеумбердин Нұрбек Айдынұлы - аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы.

o    Слямханов Аслан Мұратханұлы - аудандық ветеринария бөлімінің бас маманы.

o    Танаубаев Нұрлан Болатбекұлы - аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы.

o    Джунусова Әйгерім Оралғазықызы - аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы.