27 желтоқсан күні аудандық Мәдениет үйінде «Біз – еліміздің жарқын болашағымыз!» атты көпбалалы отбасынан шыққан балаларға арналған Жаңа жылдық шырша кеші болып өтті

27 желтоқсан күні аудандық Мәдениет үйінде «Біз – еліміздің жарқын болашағымыз!» атты көпбалалы отбасынан шыққан балаларға арналған Жаңа жылдық шырша кеші болып өтті. Шараға аудан мектептерінен аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан, оқуда, өнерде,спортта табыстарға жеткен жиыны 51 бала қатысты.

Әр балаға қыстық,спорттық киім және тәттілер топтамасынан тұратын арнайы сыйлықтар берілді.

Шыршаның бағдарламалық ерекшелігінде ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы маңыздылығына басымдық берілді