Пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік талаптарын орындаңыздар

Қыс мезгіліндегі өрттердің басым бөлігі пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу немесе жылыту пешінің ақаулығынан болады.

Өз үйлерін жылыту мақсатында адамдар қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелері туралы ойланбастан пешті қатты жағады. Осылайша олардың ақаулығы салдарынан өрт шығу қаупі арта түседі. Сондықтан, әрбір үй иесі пешті жөндеу қажет болған жағдайда, оны уақытылы қамтамасыз ету керек.

Қалыптасқан жағдайдан шықсақ, пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Жылыту маусымы басталар алдында мұржаларды тазалау қажет, сондай-ақ жылыту маусымы ішінде кемінде:

- үш айда бір рет жылыту пештерін;

- екі айда бір рет үздіксіз жұмыс істейтін пештер мен ошақтарды;

- айына бір рет ас үй плиталары мен басқа да үздіксіз жұмыс істейтін пештерді тазалау қажет.

Пештер мен мұржалардың жарықтарын дер кезінде сылау және әктеу керек. Әр бір пештің алдында отқа төзімсіз еденге пештің қақпағының алдында 50х70 см. кем емес көлемде темір қаңылтыр қағылады. Отынды осы үшін арнайы бейімделген үй-жайда немесе жанатын құрылыстардан 8 м. жақын емес орында орналасқан, арнайы бөлінген алаңдарда сақтау керек. Жанғыш заттарды, материалдарды, бұйымдар мен жабдықтарды пештердің қақпағынан 1,25 м. кем және пештердің қалған қыздырылған бөліктеріне дейін 0,7 м. кем қашықтықта орналастыруға болмайды. Жағу үшін дайындалған отынды, сондай-ақ басқа да жанғыш заттар мен материалдарды жағу алдында темір қаңылтырларға орналастыруға жол берілмейді.

Өрт қауіпсіздігі ережелерінің осы қарапайым талаптарын орындау Сізді күтпеген зардаптардан құтқарады.

Тұрғын үйдің әрбір иесін жылыту пештерін қолдануда аса мұқият болуға міндетті. Егер қоғам өз қауіпсіздігіне қамқорлық қажет екенін түсінсе, қайғылы жағдайлар аз болады.

Құрметті Абай ауданының тұрғындары өрт қауіпсіздігі шараларын орындауға тек сіздің жауапкершілігіңіз Сізді және жақындарыңызды қайғылы оқиғалардан қорғайды.

ШҚО ТЖД Абай ауданының ТЖ бөлімі