СМАРТФОНСЫЗ БІР КҮН

Қаншалықты қолайсыз?!
Бүгін смартфоныңыз жоқ деп елестетіп көріңізші, демек, жұмыс бабымен электрондық хаттар жіберу, жақын және алыстағы танысыңызға хат жазу және хабарласу, eGov электрондық үкімет порталынан анықтама алу мүмкіндігіңіз жоқ деген сөз. Мүлдем қолайсыз, келісесіз бе???

Смартфонсыз барлық жұмыстарыңызды тындыру үшін сізге ХҚО бару, компьютер іздеу, телефоныңызда жеткілікті ақшаңыздың болуы және шексіз шыдам, күш пен көп бос уақыт қажет. Көңіл көншітерлік жағдай емес!

Мобильдік телефоныңызда барлық қызмет түрлерінің болуы өте ыңғайлы, себебі eGov mobile қосымшасының арқасында ХҚО барудың қажеті жоқ.
Жолға кететін уақытыңыз бен ақшаңызды үнемдеп, ал кейбіреулер үшін eGov порталына кіру үшін компьютер іздеу машақатын сызып тастап, eGov mobile қосымшасы сізге тиісті уақытта қажетті анықтаманы шығынсыз және күш жұмсамай алу мүмкіндігін ұсынады.

Оның үстіне, қызметке қол жеткізген кезде авторласу мен қол қою үшін телефоныңызда ондай мүмкіндік болған кезде Touch ID (саусақ іздеріңізбен қол қою мүмкіндігі) қолдана аласыз. Оның үстіне, ЭЦҚ енгізуді қажет етпейді.