Тұрғын үйдегі пешті күйеден тазалап, иіс тиудің және өрттің алдын алайық

Абай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі тарапынан 2019 жылдың желтоқсан айының 15 жұлдызынан бастап, Аудан аумағында көп балалы, жалғыз басты қарттар және тұрмысы төмен отбасыларынаң тұрғын үйлеріне 50-дана «газоанализатор» құрылғылары құрылған болатын.

2020 жылдың қаңтар айының 1 күні, Қарауыл ауылы,  тұрғыны жалғыз басты көп балалы ананың үйінде орнатылған газоанализатор құрылғысы қосылып улы газдың шыққаны туралы белгі беріп үй тұрғындарын ескерткен, үй иесі пешінен не себептерден түтін шыққанын тексере келгенде көргені пештің түтін отетін каналдары бітелгенін анықтаған.

Жоғарыда аталғандай қайталанбас үшін, тұрғын үйдегі пешті күйеден тазалау қажет, себебі күзде тазаланған пеш құдықтары қайтадан күйеге толып және ойықтарды глина-құм ерітіндісімен жағып, төбедегі түтін құбырын ақтау қажет;

- от салынған пешті қараусыз қалдырмаңыз, оларды қарауға кішкентай балаларға тапсырмаңыз;

Балаларға ұдайы отпен ойнамау қажеттігін, оның қаншалықты өмірге қауіпті екендігін ұғындырып отырыңыз, оларға пайдалы демалыс ұйымдастырыңыз. Оларға тұрғын жылыту құралдарын қолдануға тыйым салыңыз, олардың қолы жететін жерлерден сіріңкені алып тастаңыз, балаларды еш уақытта қараусыз қалдырмаңыз;

- пешті жағуға еш уақытта бензинді, керосин, дизельді жанар-жағар майды және басқа да тез тұтанатын сұйықтықтарды қолданбаңыз;

- пешті көмірмен, кокспен, газбен, оған арналмаған затармен жақпаңыз;

- пеш алдындағы бетке жанар-жағар май, басқа да жанғыш сұйықтырқтар мен материалдарды қоймаңыздар;

- пеш үстінде киім кептірмеңіз;

- жылыту пештері жанғыш құрлыстардан, белгіленген үлгідегі пеш алды беттен нормамен белгіленген өртке қарсы айырымдары болуы тиіс.

Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданының ТЖ бөлімінің бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау майоры Тұрғали Дәурен Қанышберұлы