2020 жылдың 10-12 қаңтар аралығында Павлодар облысы, Кемеңгер ауылында қазақ күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Кемер Әшімбетовты еске алуға арналған Республикалық турнирі болып өтті

Бұл жарысқа Республикамыздың бірнеше облыстарының палуандары қатысты. Шығыс Қазақстан Облысы намысын қорғап барған, «Абай ауданы бойынша БЖСМ» КММ-нің қазақ күресі бөлімінің түлегі Құмаров Сұңғат 74 келі салмақта I орын иеленді.Сұңғатты және жаттықтырушысы Нұғыманов Айбекті осы жеңісімен құттықтаймыз, алдағы жарыстарда жүлделі орындардан көрінуіне шын жүректен тілектеспіз!