Су тасқынымен күресудің негізгі әдістері

Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің бөлімшелерімен, басқа салалар мен жергілікті атқарушы органдармен аймақтарда су тасқынының алдын алу және жою бойынша үлкен жұмыс атқарылуда. Сонымен қатар, су тасқыны кезені басталмай тұрып және сол кезенде тұрғындардың өзі жекеменшіктерінің қауіпсіздігі бойынша қарапайым алдын алу шаралары жасалмайды (қар тазалау, тұрғын үй аумағын қоршау, еріген қар суын бұруға арналған уақытша немесе стационарлық арналар орнату және т.б.).

Осыған орай, ШҚО ТЖД Абай ауданының төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындарға су тасқынымен күресудің негізгі әдістерің жеткізеді:

·               Тұрғын үй аумағын қардан және қоқыстан тазалау;

·               Жақын арадағы бұлақтарды, арықтарды қоқыс және мұздан тазалау;

·               Өзіңіздің ауланызда су бұрғыш жырашықтар жасау;

·               Үйдің аумағында үйінділерді орындау үшін қол асты материалдарды  (қаптар, топырақ, құм, гравий) дайындау;

·               Қауіп төнген жағдайда эвакуацияға дайындалу: құжаттарды, ең қажет заттарды жинап, құңды заттарды жоғары қабатқа немесе төбеге тасу;

·          Су деңгейі көтерілген жағдайда дереу 112 немесе 101 телефоны бойынша хабарлау.

ШҚО ТЖД Абай ауданының ТЖБ