Заңды тұлғалар үшін ЭЦҚ алу

ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) – бұл электрондық құжатқа қолы қойылған және мөрмен бекітілген қағаз жеткізгіштегі құжат сияқты заң күшін беру үшін пайдаланылатын өзі қойған қолының аналогы.
ЭЦҚ алуға өтінімді ҚР ҰКО сайтының арнайы бөлімі арқылы онлайн режимінде беруге болады. Өтінімді қауіпсіздік мақсатында дербес компьютерден беру ұсынылады.
✅Ең алдымен pki.gov.kz сайтындағы «Заңды тұлғалар үшін ЭЦҚ алу» бөліміне кіресіз.
✅Одан кейін мәртебеңізді көрсете отырып қажетті ҚР ҰКО тіркеу куәліктерінің үлгісін таңдауыңыз қажет. (Ол мекеменің бірінші басшысы, қол қою құқығы бар жұмыскер немесе қаржылық құжаттарға қол қою құқығы бар қызметкер және т.б. болуы мүмкін).
✅Онлайн-өтінімді бергеннен кейін сізге оны растау үшін ХҚО-ға бару қажет. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз, уәкілетті тұлғаның растайтын құжаттары мен басып шығарылған өтінім болуы қажет. Тексергеннен кейін оператор растауды жасайды және сіз ЭЦҚ өз компьютеріңізге жүктеп, оған өз пароліңізді орната аласыз.
👉Міне, енді сіз электрондық үкімет порталымен жұмысты бастай аласыз.
📌ЭЦҚ пайдалана отырып заңды тұлғалар келесідей артықшылықтарға қол жеткізбек:
•Электрондық сауда-саттыққа қатысу;
•Жеке қатысуынсыз банктік операцияларды орындау;
•Жеке қатысуынсыз электронды есептерді тапсыру;
•Компанияны қашықтықтан басқару және т.б.
📌ЭЦҚ-ны түрлі ақпарат жеткізгіштерінде сақтауға болады, бірақ бұл ретте ол бөтен қолға түспеуін жауапкершілікпен қадағалау қажет.
❗️ЭЦҚ-ның қолданыс мерзімі 1 жыл, бірақ пайдаланушы оны электронды порталда мерзімі өтіп кетпей тұрып тағы бір жылға ұзарта алады.

Жылжымайтын мүліктің бар/жоқтығы туралы анықтама

Жаңа тұрғын үй сатып алу жоспарыңызда бар ма? Мемлекеттік бағдарламаға құжат тапсырғыңыз келе ме?
Әрине, бұл үшін белгілі құжаттар тізімі, оның ішінде жылжымайтын мүліктің бар/жоқтығы туралы анықтама да қажет. Ол үшін сіз #egovmobile-ды пайдалана аласыз.
Ең алдымен 👆🏻
• Қалта телефоныңызға App store/play market қосымшасынан #egovmobile – ды жүктеңіз;
• ЭЦҚ көшіріңіз; • Жүйеге кіру үшін Face ID немесе Touch ID пайдаланыңыз;
• Кейін қызметті таңда, оған онлайн тапсырыс беру қажет.
Ескерту: *Қосымшаны пайдалану үшін мобильді азаматтар базасына тіркелу керек.
Бүгінде қосымша арқылы жылжымайтын мүліктің бар немесе жоқтығы туралы анықтаманы қосқанда 31 қызмет қолжетімді.
Айта кетейік, бұл анықтаманы сондай-ақ egov.kz порталы мен FB, Vk чат-боттарынан да алуға болады
Игілігіңізге қолданыңыз! #қысқанұсқа

Қазір ХҚО-да кезекте тұрып, уақытыңызды жоғалтпау үшін ХҚО-ға барарда алдын ала кезекті брондауға болатынын білесіз бе? ❗️Бұл қызмет egov.kz электронды порталында немесе телеграмдағы egovkzbot 2.0 бот қосымшасы арқылы қолжетімді.
Ол үшін:
✅Еgov.kz электронды порталына кіріп немесе egovkzbot 2.0 арқылы «ХҚО-ға кезекті брондау» тетігін басыңыз;
✅өзіңізге ыңғайлы, жақын орналасқан ХҚО бөлімін таңдаңыз;
✅ЖСН нөмірін енгізіңіз;
✅«Келуді жоспарлау» тетігін басып, тізімдегі қажетті қызметті таңдап, келу күні мен уақытын көрсетіңіз;
✅Соңында кезекті онлайн брондаудың өткені жөніндегі хабарлама келуі тиіс.
❗️ХҚО-ға келгенде жеке куәлігіңіз бен бронь нөмірі бар талонды ұсыну жеткілікті. 

  Ал Сіз наркологиялық ұйымнан анықтама алудың eGov mobile арқылы оңай екенін білесіз бе? Егер білмесеңіз, түсіндіріп жіберейік:
🔺Мобильді азаматтар базасына тіркеліңіз, егер тіркелген болсаңыз қажеті жоқ;
🔺Play Market немесе App Store жүйесі арқылы eGov mobile қосымшасын телефоныңызға енгізесіз;
🔺Қосымшаға кіріп, наркологиялық ұйым анықтамасын басасыз. Осындай оңай үш қадам арқылы тиісті анықтамаңызды аласыз.

Онлайн болу оңай✅

Тұрғын үй кезегін онлайн қадағалаңыз
Бүгін біз сіздерге ешқайда бармай-ақ, уақыт үнемдеп тұрғын үй кезегін онлайн білу жолымен бөліспекпіз.
Сіз тұрғын үй кезегінің нөмірін www.egov.kz электрондық үкімет порталынан тексере аласыз.
Ол үшін сізге:
✔️ЭЦҚ арқылы порталға кіру қажет
✔️ «Жылжымайтын мүлік» бөлімі арқылы «Тұрғын үй қатынастары» бөліміне өтіп, «Мемлекеттік тұрғын-үй қорындағы баспана алу кезегін қарау» қызметін таңдау жеткілікті. 🔺«Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы немесе жеке тұрғын үй қорындағы жергілікті органнан берілетін жалдамалы тұрғын үй кезегінің нөмірін қарау» электронды қызмет тегін және портал арқылы өтініш берген сәтте көрсетіледі.