Жастар

Абай ауданының «Жастар ресурстық орталығы» КММ

Абай ауданында жастар мәселелерімен тікелей айналысатын, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру жұмыстарын «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыс жасайды.
Бұл салада «Болашақ», «Жасыл Ел», «Жастар - Отанға», «Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі» сияқты көптеген мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып отыр.
Әлеуметтік бағытталған жастар саясатын жүргізу, жастардың қоғам өміріне белсене қатысуы, жастардың бастамасын дамыту мақсатында, ауданда іс-шаралар жоспары бекітілген. 
Осы жоспар шеңберінде жастарға арналған жастар саясатын жүзеге асыруда мемлекеттік органдардың жастар бірлестіктерімен қызмет етуінің оң тәжірибесі болып табылатын ауданның жастарының бастамасын жүзеге асыруға, жұмыс істейтін талантты, дарынды жастарды қолдауға әр түрлі қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік және спорттық шаралар өткізіледі.
Ауданда 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың жалпы саны 3021  адамды құрайды. 9 ауылдық округте 9 жастар ісі жөніндегі маман жұмыс атқаруда. Тоқсан сайын қорытынды жиналыстар өткізіліп, оларға әдістемелік көмек көрсетіледі. 2017 жыл бойынша «Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімі арқылы 102  жас жұмысқа орналасса, «Жастар іс-тәжірибесі» бойынша 80 жас жұмыспен қамтылды және «Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы » бойынша  3 жас несие алды. Қысқа мерзімді оқу бойынша 39 жас, кәсіптік техникалық білім беру бағытында 9 жас білім алды.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауданда жас мамандар қатары жыл сайын толықтырылуда, мамандарға әлеуметтік көмек көрсетілуде. 2017 жылы бағдарлама бойынша 22 жас маман көтерме ақы, 10 жас маман тұрғын үй алу үшін пайыссыз несие алды.
2017 жылы «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша мамыр айында 20 жас, маусым айында 28 жас, шілде айында 33 жас және  қыркүйек айында 30 жас  сарбаз аталған бағдарлама бойынша жұмыспен қамтылды. «Көлімнің жағасы – Елімнің айнасы» атты тазалық акциясы өтіп Оспан көл жағасын қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізіліп,артынан табиғат аясында түрлі ойындармен демалыс өтті. Жыл соңында Жасыл ел еңбек жасақтарының ШҚО бойынша 13-ші еңбек маусымының «Үздік командир» номинациясын Маратов Дарын Ермекұлы иеленді.
Бүгінгі күнге дейін Жастар ресурстық орталығы мен «Жас Отан» жастар қанаты тығыз байланыс орнатып, бір арнада тоғысып, бірлесе жұмыс жасауда. Нұр Отан партиясының қолғанаты болған  «Жас Отан» жастар қанаты үлкен жобаларды жүзеге асыруда. Қазіргі таңда «Жас Отан» ЖҚ қатарында 63 жас белсенді 41 ерікті бар.
«Еркін пікір», «Жастар Отанға» «Ардагерлерді ардақтайық»  және тағы басқа жобаларды жүзеге асырды. «Жас Отан» ЖҚ белсенді жасы Құмарғазин Дінмұхамед «321 старт» республикалық жобаның жеңімпазы атанып 1 млн грант алды. 
2017 жылдың көлемінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында   аудан бойынша 77  іс-шара өткізілді. Оның ішінде: патриоттық бағыттағы – 26, спорттық – 14 және  37  мәдени іс-шара. 
Атап айтсақ: «Шыңғыстау серісі -2017», «Абай аруы – 2017», «Жайдарман – 2017» фестивалі, «Ұлттық тағамдар мерекесі», «Айбын - әскери патриоттық ойыны», «Күзгі балл мерекесі», «Мұзайдын шебері», «Бір атаның балалары футбол ойнайды» кіші футболдан жарыс, «Тәтті күлкі акциясы», «Астана күніне орай сурет салудан жарыс», «Бес табан асық ойыны», Қасқабұлақ ауылы мен Кеңгірбай ауылында «Толағай отбасылық сайысы». Архат ауылында Жастар мәслихаты депутаттарының арасында үстел теннисінен жарыс. 16 желтоқсан тәуелсіздік мерекесіне орай бүлдіршіндерге Мультфильм, ауыл тұрғындарына «Отандық кино», Жастар арасында үстел теннисінен жарыс, студенттермен оқушылар арасында караокеде ән айтудан жарыс, «Рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру және латын әрпін қолдау мақсатында квест ойыны т.б шаралар өтті.
Соңғы жылдары Дебат ойыны қарқынды дамуда: бастау 2017 қалалық мектепаралық пікірсайыс турнирінде жүлделі 3 орынға Іскежанов Арман мен Тұрысбекова Аймара иеленді, Тұңғыш Президент күніне арналған Елбасы Мәртебесі – Ел мәртебесі атты аймақтық пікір сайыс турнирінде жүлделі 1 орынды Молдақашев Қуаныш иеленді.
Аудан әкімінің қолдауы арқасында Абай ауданында жастардың «Жайдарман» ойындарына деген қызығушылықтары артып, жақсы даму үстінде. Оған дәлел бүгінгі таңда ауданымыздың барлық ауылдық округтерінде жастардан құралған «Жайдарман» командалары бар. Сондай – ақ, аудан жастарынан шыққан Абай ауданының намысын қорғап жүрген Рахмет жайдарман тобы республикалық жоғары лигаға өтіп Қазақстан ұлттық арнасында өнер көрсетті. 2017 жылы ШҚО әкім кубогының 2 орын иегері атанды. Архат ауылының «Сәлем» жайдарман командасы Семей қаласында өткен  облыстық премьер – лигада жүлделі 2 орын алды. Абай лигасында өнер көрсетіп жүрген «Жидебай Жидектері» арнай Қазақстан квн одағының президенті Есен Елеукеннің шақыртуымен жайдарлы «Жас Ұлан» сайысына қатысып «Балапан» телевизиялық жобасына түсіп келді жәнеде «Туған жер» облыстық экологиялық акциясы аясында өткен жайдарман ойынында жүлделі 2 орынға ие болды.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Жастар мәслихаты» құрылып, Абай ауданынан 11 жас депутат сайланды.
2017 жылы «БІЗДІҢ №1» Шығыс Қазақстан облысы әкімінің сыйлығы «Жас Отбасы» номинациясын Абай ауданы Архат ауылының Жамхановтар отбасы иеленді.

14-29 жас арлағыныдағы Абай ауданы жастарының саны


Ауылдық округ атауы

Саны

Архат

158

Кеңгірбай Би

149

Көкбай

321

Қарауыл

1422

Қасқабұлақ

160

Құндызды

280

Медеу

88

Саржал

387

Тоқтамыс

131

Итого:

3338

 

Парақтар өзгертілді: 22-02-2018