Ішкі саясат


Абай ауданының ішкі саясат бөлімінің 2017 жылы атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Абай ауданы ішкі саясат бөлімінің басты басымдылықтары мемлекеттік саясаттың тиімді жүзеге асырылуы, ауданда қоғамдық саяси, діни тұрақтылық пен халық бірлігін сақтау, мемлекеттілікті нығайту, азаматтық қоғам институттарының дамуына қолдау көрсету, ақпаратық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік бағдарламалардан туындайтын міндеттермен жұмыс жасау және жастардың дамуына жағдай жасау болып табылады.
Бөлім өз жұмысының басты арнасын Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыртылуы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын және «5 институционалдық реформа: 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын халыққа түсіндіруге, насихаттауға бағыттады.
Елбасының «Рухани жаңғыру» идеясынан туындайтын «Туған жер» акциясы аясында игілікті іс-шаралар ауданда жылма-жыл жалғасын табуда. 2017 жылы 62,1 млн. теңгенің 21 жобасы іске асырылды. Өткен жылы акция аясында «Құнанбай қажы» ескерткіші орнатылды. «Дала данышпаны – Құнанбай» атты кітап жарыққа шықты.
Елбасы Жолдауына байланысты құрамында 52 мүшесі бар, 5 аудандық,     9 ауылдық жиыны 14 ақпараттық-насихаттық топ құрылып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Топ құрамына аудан ардагерлері, мекеме басшылары, мемлекеттік қызметкерлер, мұғалімдер, ҮЕҰ мүшелері, қоғамдық пікір көшбасшылары кірді. Жолдауға байланысты 2017 жылдың желтоқсан айына дейін 92 іс-шара өткізіліп, оған жалпы 3850 астам адам қамтылды. Ішкі саясат бөлімі тарапынан Жолдауды түсіндіру және насихаттау шараларының кешенді жоспары, ақпараттық-насихаттық қамтамасыз ету бойынша медиа-жоспарына сәйкес жұмыстар атқарылды. Барлық ауылдық округтерде Елбасы Жолдауына, Ұлт жоспарына байланысты сыртқы көрнекіліктер орнатылды. 2017 жылғы аудандағы қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізіліп, Республикалық, облыстық, аудандық басылымдарда, «Қазақстан» РТРК, «Хабар», «Қазақстан-Семей, «ALTAI'» (Қазақстан-Өскемен), «ТВК-6» телеарналарында ауданның қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайы, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы жайында, аудан тынысы жөнінде сюжеттерберіліп, мақалалар жарияланды. Әз Наурыз – 2017 іс-шарасы кезінде «Хабар» және «24.кз» арналарының тілшілері арнайы ПТС-пен екі рет тікелей эфир трансляцияласа, «Қазақстан-Семей» телеканалы арнайы репортаж жасады. ОТАУ ТВ ұлттық спутниктік телеарналарын ілгерілету бойынша біршама жұмыс атқарылды. Ауданда бүгінгі күнде 2010-ға жуық (бұл аула санына шаққанда 61 пайыз) «ОТАУ ТВ» ұлттық спутниктік телеарнасы жұмыс істеп тұр. Мемлекеттік ақпараттық саясатты қаржыландыруға 2017 жылы – 9 млн. теңге бөлінді. Аудандық «Абай елі» қоғамдық-саяси газеті таралымы 2200 дана. Онда Елбасы Жолдауы, ұлттық жоспар, ұлттық идея және мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асыру барысы, облыста және ауданда атқарылып жатқан іс-шаралар, басқа халыққа қажетті ақпараттар жарияланды. Ұлттық дәстүр, жастар саясаты, патриоттық тәрбиеге байланысты, сыбайлас жемқорлықпен күрес, сот төрелігі, діни сауаттылыққа арнаулы беттер ұйымдастырылды. 2017 жыл басынан бері Елбасы Жолдауын насихаттауға байланысты 25 қолдау мақалалары жарияланды. Бүгінгі күні ауданда 7 қоғамдық бірлестік, 3 қоғамдық қор, 1 саяси партия филиалы, 1 этномәдени және 6 діни бірлестік жұмыс істеуде.
Қоғамдық кеңес жұмысы жандандырылып, 2017 жылы 13 отырыста  24 мекеме басшысының, ауыл әкімдерінің және ішкі істер қызметкерлерінің есебі тыңдалды. 18 нормативті құқықтық акт өзгерістері қаралды.
Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды қаржыландыру көлемі 2017 жылы – 13 млн. 125 мың теңгені құрады. Мемлекеттік жастар саясатын жергілікті деңгейде іске асыру мақсатында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі қызмет жасауда. Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жыл басынан бері патриоттық тәрбие беру, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған 78 іс-шаралар өткізіліп, 4790 адам қамтылды. Оның ішінде, «Аудандық мұзайдын шебері», «Абай елінің аруы – 2017», «Шыңғыстау серісі – 2017», «Күзгі балл - 2017», «Жаңа жылдық карнавал» және «Тәтті күлкі» қайырымдылық іс-шараларын ерекше атап өтуге болады.
Ауданымыздың жас ақыны Нұржан Байтөсов республикалық «Аңсар» әдеби сыйлығын иеленді, аудандық «Рахмет», «Жидебай жидектері» жайдарман топтары республикалық жоғарғы лигада өнер көрсетуде, маусым қортындысы бойынша Маратов Дарын «Жасыл ел» еңбек жасақтарының «Үздік командир» сыйлығын иеленді, жас белсенді Құмарғазы Дінмұхамед республикалық «321 старт» жобасының жеңімпазы болса, ал Жамхановтар жанұясы облыс әкімінің 2017 жылғы «Жас отбасы» номинациясын иеленді.
Ауданда 6 діни бірлестік бар, онда 5 имам жұмыс істейді. Бұлардың барлығы да дәстүрлі дін өкілдері болып табылады және «Қазақстан мұсылмандар діни басқармасына» бағынышты. Дәстүрлі емес діни бірлестіктер жоқ. «Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес» және аудандық діни ағымдардың мәнін түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндіру тобы жұмыс жасайды. 2017 жыл басынан бері діни ағымдардың мәнін түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндіру тобы 18 кездесу, 9 лекция, 3 кеңес отырысы, 3 дөңгелек үстел өткізіліп, 1250 адам қамтылды. Діни тұрақтылық, экстремизм мен терроризмнің алдын-алу бойынша тұрғындарды ақпараттандыру бағытында аудандық «Абай елі» газетінде 17 мақала, аудан әкімінің ресми сайтында 15 мақала жарияланды. Сондай-ақ, діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу мақсатында, интернет пен әлеуметтік желіде 2017 жылдан бастап, ауданның ішкі саясат бөлімі ақпараттық түсіндіру тобының Фейсбук желісіндегі парақшасында 55 мақала, 23 видеоролик, Вконтакте желісіндегі парақшасында 62 мақала, 14 видеоролик жарияланды. Ауданның ішкі саясат бөлімі тарапынан күнделікті қоғамдық-саяси ахуалға мониторинг жүргізіліп отырады. Ауданда наразылық акциялары, шерулер, митингілер өткізілген жоқ.

 Абай ауданының ішкі саясат
 бөлімінің басшы Ұ.Сағадиев

Парақтар өзгертілді: 20-02-2018