Ішкі саясат

Абай ауданы бойынша Қоғамдық кеңестін 2016 жылдағы есебі

2016 жылдың мамыр айынан бастап Қоғамдық кеңес жоспар бойынша 17 отырыс өткізіп оның 1 жоспардан тыс жер сатылымы және жалға беру жөнінде отырыс  болды.
Жоспар бойынша  Қоғамдық кеңес ауданның күнделікті өмірге қажет мәселелерімен және халық назарында жүрген жұмыстарды назарға ала отырып талқыға салып шешім қабылдады. Мысалы: Абай ауданы әкімі Т.Мұсәпірбековтың баяндамасы мамыр айында тындалды. Абай ауданының әлеуметтік-экономиқалық әлахуалы сонымен қатар алдымызда тұрған талай істер жөнінде мәселелер қозғалды.
Сонымен қатар Қоғамдық кеңес мүшелері  тоқсан басында кең отырыс өткізіп мекеме басшылырымен және бөлім басшылырымен аудан мекемелерінен ұсынылатын нормативтік-құқықтық актілерді талқылап сараптамадан өткізді.
Егерде шұғыл жағдай туындаған  кезде Қоғамдық кеңес жоспардан тыс отырыс өткізді.Мысалы: жер сату және жалға беру жөнінде.
Аудан халқына  медициналық көмек қажеттілігін Қоғам кеңесі аса назарда ұстайды, соған байланысты орталық емхана өкілінің баяндасы мұқият назарға алынды.
Халыққа мемлекеттік  қызмет көрсету және оның орындалу барысы Қоғамдық кеңестің әр қашанда аса назарында. Сондықтан бұл мәселе әр қашанда кеңестін қадағалауында қала береді.
Спорт және денешынықтыру қоғамды бірден бір алға жұмылдыратын іс болып табылады, сондықтан Қоғамдық  кеңес  жастар мен орта жастағы ауыл тұрғындарын осы игілікті іспен шұғылдануына аса мән бере отырып барлық жағдай жасалуына септігін тигізеді.
Мемлекеттің келешегі жастар осы мәселеге келгенде Қоғамдық кеңес әр қашанда жастарға  мемлекеттік бағдарламалардың іске  асырылуыңа және де түткілді ойлар мен өзекті дүниелерге қатысты мәселелерді дер кезінде қарап өткізеді.
Барлық Қоғамдық кеңес отырысы позитивтік деңгейде өткізілді. Баяндамашылырдың бәрін бірауыздан қолдап ұқсыныстарды сол қалпында қапылдауға ұсыныс берді.

Қоғадық кеңестің  төрағасы  Т.Аманғазы

 

Аудандық мәслихат Қоғамдық кеңес мүшелігіне конкурс хабарлайды

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 қаулысына сәйкес,  әрбір коммерциялық ұйым емес болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкілді ұсына алады.
Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 10 бабының 1 тармағына сәйкес, кандидаттар ұсынылады:
1.Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұратын.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат: 
1) Сотталғандығы болмауы;
2) Сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) Психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс. 
2. Конкурсқа қатысу үшін:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) кадидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады. 
Жазбаша ұсынстар аудандық мәслихатта 2016 жылғы 4 наурызға дейін қабылданады. Құнанбай көшесі-14, 19 каб, электрондық адрес: maslihatabay@mail.ru


«Абай ауданының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобын құру туралы»

Аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының бұйрығы
№ 03   10.02.2016 жыл 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 8 бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Абай ауданының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы құрылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

Бөлім басшысы Ұ.Сағадиев

 

2016 жылғы 10 ақпандағы
03 бұйрығына қосымша

 

Абай ауданының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамы

1. Төлеубек Аманғазыұлы Аманғазы Абай аудандық мәслихатының хатшысы
2. Мұқажан Серік Бимұратұлы Абай ауданы әкімі аппаратының басшысы
3. Дүрмекбай Қайырғазы Нұрлыбекұлы «Нұр-Отан» партиясының Абай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

 

 

Қоғамдық кеңестің жұмыс тобы

Қоғамдық кеңес мүшелігіне конкурс хабарлайды

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына, Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 қаулысына сәйкес,  әрбір коммерциялық ұйым емес болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкілді ұсына алады.
Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 10 бабының 1 тармағына сәйкес, кандидаттар ұсынылады:
1. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұратын.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:
1) Сотталғандығы болмауы;
2) Сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау да кінәлі деп танымаған болуға;
3) Психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарын да есепте тұрмауғатиіс.
2. Конкурсқа қатысу үшін:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) кадидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.
Жазбаша ұсыныстар 2016 жылдың 15 ақпанына дейін аудандық мәслихатта қабылданады. Құнанбай көшесі-14, 19 каб, электрондық адрес: maslihatabay@mail.ru

 

 

Парақтар өзгертілді: 16-01-2017