«Дала поштасы»


2015 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ (ары қарай – Қор) Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу бойынша іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында «Жеңіс» әлеуметтік-қайырымдылық жобасы (ары қарай – Жоба) іске қосылды.

Жобаның басты миссиясын – «Жеңісті әр күн есте сақтаймыз!» – іске асыру мақсатында Ұлы Отан соғысы ардагерлері кезек күттірмейтін жедел жәрдемді шақыру үшін «дабыл батырмалары» бар мобилді құрылғыларымен қамтамасыз етілді; «Народный герой» ТВ-бағдарламасы және «Наша война» фильмі жасалды және көрсетілді; әлеуметтік желілерде байқаулар өткізілді; кажеттіліктер картасын жасау үшін Ұлы Отан соғысы ардагерлері арасында сауалнама жүргізілді; Қордың компаниялар тобының қызметкерлері тарапынан 1600 ардагер мен тыл еңбеккеріне 47 млн. теңгеден астам сомаға материалдық көмек көрсетілді және шамамен 1000 ардагерге үй шаруашылығы бойынша, жөндеу жұмыстарында, сантехниканы ауыстыру, дәрі-дәрмек сатып алу істері бойынша, соның ішінде Ұлттық волонтерлік желі мүшелерін тартумен, адрестік көмек көрсетілді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 6 мамырында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры (ары қарай – Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры) Қазақстанның 16 қаласында «Дала поштасы» акциясын (ары қарай – Акция) іске қосты. Ол Қазақстан жастарын Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігіне назар бөліп тәрбиелеуге және Жеңіс туралы естелікті сақтауға бағытталған.

Бұл акцияға барлық қазақстандықтар қазірде тұрып жатқан ардагерлерге хат жазып, танытқан қайсарлықтары, отаншылдықтары, фашизмге қарсы күрестері, еркіндікті сақтағандары және бейбіт аспан сыйлағандары үшін алғыс сөздерін білдіру арқылы қатыса алады. Акция аясында хаттар Қазақстан Республикасы өңірлеріндегі ардагерлерге жеткізіледі.

«Дала поштасы» акциясына қатысу алгоритмі:

  1. ҰОС ардагеріне хат жазу («Құрметті ардагер! Менің есімім __» және ары қарай);
  2. Хатты жауапты менеджер Жанара Омароваға келесі мекенжай бойынша жолдау: Астана қ., 010000, Қонаев көшесі 8, б-блогы, «Samruk-Kazyna Trust» КҚ, 3253 каб.
  3.  өзіңіздің қосқан үлесіңізді көрсету: хатпен бірге фотосуретке түсіп, әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларыңызда #Zhenys хештегімен жариялау.

* Акция қорытындылары бойынша, барлық хаттар ішінен «Дала поштасының 5 үздік хаты» анықталып, бұқаралық ақпарат құралдарында, Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланатын болады.
* Барлық сұрақтар бойынша хабарласу: Жанара Омарова – 8 (7172) 57 66 02, 8 702 112 52 54, omarova@sk-trust.kz

 

 

Парақтар өзгертілді: 08-11-2016