Аудан туралы

Герб района

 

Ауданның паспортыа
Фотогалерея
Аудан тарихы
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы

 

Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы - Семей қаласынан оңтүстік батысқа қарай Шыңғыстаудың бөктерінде орналасқан. Ауданның батысы мен солтүстігі ұсақ шоқылы жазық. Оңтүстігінде Шыңғыстау жоталары жатыр. Климаты қатал. Қысы суық, жазы ыстық, құрғақ. Қар қарашадан наурызға дейін жатады. Қаңтар айының орташа температурасы –14,2 С; шілдеде – 20,7 С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 250-300 мм. Шаған, Ашы су, Қарауыл, Құндызды, Шет, Мұқыр сияқты өзендер бар.
Абай ауданы -  тарихи бай, шежіреге толы, киелі де қасиетті мекен. Бүгінде бұл аймақ ұлылар мекені деп аталады. Шыңғыс бөктері - қазақтың ойшыл ақыны ұлы Абайдың, кемеңгер Шәкәрімнің, ғұлама жазушы Мұхтар Әуезовтың отаны. Осынау есімдері әлемге әйгілі халқымыздың біртуар перзенттерін дүниеге әкелген алтын бесік. Есімі ел тарихына алтын әріптермен жазылған батырлар мен сұңғыла ғалымдардың алтын ұясы. Қазақ халқының ұлы тұлғалары Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбергенов, Мұхтар Ауэзовтың музейлері осы жерде орналасқан.

Біз Сіздерді ұлылар жерінде асыға күтеміз!

 

 

Парақтар өзгертілді: 10-08-2017