Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша аудан әкімдігінің есебі

Абай ауданының жергілікті атқарушы органдарының  мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша  2018 жылғы қызметі туралы есебі

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет – көрсетiлетiн қызметтi алушылардың өтiнiшi бойынша жеке тәртiппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға, оларға тиiстi материалдық немесе материалдық емес игiлiктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттiк функцияларды iске асыру нысандарының бiрi.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 қазандағы № 983 қаулысына, 2018 жылғы қыркүйекте енгізілген өзгерістерге сәйкес Абай ауданының  жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтің 100 түрінен көрсетеді. 
2018 жылы жергілікті мемлекеттік мекемелер мен бағынысты ұйымдар арқылы 77396 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

Қағаз нысанда, мемлекеттік органның өзінде (ведомстволық бағыныстағы ұйымдар) көрсетілген мемлекеттік қызмет саны –1585.
Қағаз нысанда, мемлекеттік органның өзінде (ведомстволық бағыныстағы ұйымдар) көрсетілген, бірақ «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарынан көрсетуге болатын мемлекеттік қызмет саны – 776.
Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 3091.
«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 71944 қызмет.

2018 жылғы талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мыналар:  
Ауыл шаруашылығы және ветеринария саласында:
Ветеринариялық анықтамалар беру (9551 қызмет);
Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу (23654 қызмет).

Білім саласында:
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы
білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық
бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды
қабылдау және оқуға қабылдау (718 қызмет);

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына
құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау (446 қызмет).
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында:
Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру (19896 қызмет);
Ауылдық жерлерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отынмен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек тағайындау (1061қызмет);

Жер қатынастар саласында:
«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» (157 қызмет);
Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту  (97 қызмет). 
2018 жыл мерзімі ішінде белгіленген мерзімді кешіктіріп көрсетілген мемлекеттік қызметтер, көрсетілген мемлекеттік қызметтің сапасына шағым түсіру, жеке және заңды тұлғалардан түскен көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына арыздарды қарастыру мерзімдерін кешіктіру фактілері болған жоқ.

2018 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және қызмет алушыларға көрсетілетін қызмет тәртібін түсіндіру бойынша  жергілікті  «Абай елі» газетіне мемлекеттік қызметтер бойынша халықты ақпараттандыру мақсатында 17 мақала жарияланды.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша халықты түсіндіру іс-шараларымен қамту 17 семинар өткізілді.

Қазіргі уақытта мемлекеттік басқаруды қалыптастыру процесінің басты бағыттарының бірі мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жоғарылату, жүйесін қалыптастыру және дамыту болып келеді.
Абай ауданы әкімі аппараты жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ай сайын ішкі бақылау,  мониторинг жүргізеді. 

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 11 бабының 12) тармағына, «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу қағидасы туралы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының  8 желтоқсан  2016 жылғы № 78 санды  бұйрығына сәйкес аудан әкімі аппаратында 2017 жылға арналған бақылау іс-шаралары жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес 8 бақылау іс-шаралары жүргізілді.

Бақылау іс-шараларының қортындысына сәйкес 194 кемшіліктер анықталды. Оның ішінде:
1.Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу фактілері – 1;
2.Стандарттардағы толық емес құжаттар бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету фактілері – 13;
3.Стандарттарда көрсетілмеген артық құжаттар сұрату фактілері – 45;
4.Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында басқа да заң бұзушылықтар – 135.

Ішкі бақылау қортындысымен жергілікті атқарушы органның 18 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
2018 жылдың ішкі бақылау жүргізу қорытындысы бойынша 17 ұсыным әзірленді, 17 орындалды.
2018 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде 33 мемлекеттік қызметтерден бас тарту тіркелген, олардың барлығы негізделген. Оның ішінде МО арқылы - 6, МК арқылы - 25, ЭҮП арқылы - 2.                             

«Электрондық үкімет» порталы, электрондық қызмет орталығы арқылы пайдаланушылардың үлесін арттыру үшін ауданымыздың 6 ауылдық округінде «Өзі-өзіне қызмет көрсету бұрышы» құрылған, қолжетімді орнында интернетке шығу мүмкіндігі бар  компьютер мен принтер орнатылған,  өздігінен электрондық қызметтерді және ЭЦҚ алуға өтініш рәсімдеу үшін кеңес жүргізіледі.

Жалпы әрбір дербес бөлімде және ауылдық округ әкімдерінің аппараттарында сапалы мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін барлық жағдай жасалған. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандустар орнатылған, шақыру қоңыраулары бар, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімімен баннерлар, ақпараттық стендтар орнатылған (стандарттар, регламенттер, мемлекеттік қызметтердің төлқұжаттары, мемлекеттік қызметкерлер тарапынан бекітілген жауапты тұлғалардың аты – жөндері, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша азаматтардың өтініштері мен консультациялар беру бойынша қабылдау бөлімдері мен «Call-орталықтарының» байланыс телефондары), күту орындары, құжаттарды толтыру үшін столдар, мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін өтініштер үлгілері, кеңсе заттары. Халыққа мемлекеттік қызметтерді уақтылы және сапалы көрсету үшін әр дербес бөлім мен ауылдық округ әкімдерінің аппараттарында бөлім басшыларының бұйрықтарымен және селолық округ әкімдерінің өкімдерімен жауапты мемлекеттік қызметкерлер бекітілген. Негізгі қызметкердің жұмыс орнында болмаған жағдайда (еңбек демалысы, денсаулығын түзеті парағы бойынша, қызметтік іссапар) уақтылы, әрі сапалы мемлекеттік қызметті көрсету оны алмастыратын тұлғаға жүктелген, ол бөлім басшыларының бұйрықтарымен және селолық округ әкімдерінің өкімдерімен белгіленген.

Аудан әкімінің ресми интернет-ресурсында (www.abay.vko.gov.kz) мемлекеттік органмен көрсетілетін қызметтердің стандарттары, регламенттері, «электронды үкімет» порталында электрондық қызметті пайлаланушылар нұсқаулығы орналасқан  «мемлекеттік қызметтер»  айдары жұмыс істейді.  Электрондық қызметтер орталығында http://e-vko.gov.kz мемлекеттік қызметтердің алу тәртібі, Шығыс Қазақстан облысының қалалар мен аудандарының әкімдерінің қабылдау бөлмелері, электрондық сандық қолтаңбаны қайдан алуға болатыны орналасқан. Мемлекеттік корпорацияның аудандық филиалында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсету үшін жағдай жасалған, ғимараттың іші жабдықталған, күту залдары, шақыру тетігі,  пандус орнатылған.

 

 

Парақтар өзгертілді: 04-04-2019