Жұмыспен қамту


Абай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен  атқарылған жұмыстары туралы

01.10.2018 жылға 285 отбасыға және 1388 отбасы мүшелеріне атаулы әлеуметтік көмек 50317,0 мың теңге тағайындалып, төленді.
Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілгендерге  84175 теңгеден 11 адамға, 926,0 мың теңге, Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілгендер, яғни ауруы ядролық сынақ салдарынан болған мүмкіндігі шектеулі жандарғае 60000 теңгеден 302  адамға 18157,8,0 мың теңге бір жолғы  әлеуметтік көмектер төленді.
Алтын алқа, Күміс алқа, І-ІІ-дәрежелі Ана даңқы орденімен марапатталған коп балалы аналарға 569 анаға 5690,0 мың тенге және 4  және одан да көп 18-ге толмаған балалары бар аналарға 266 анаға 26600 мың теңге 8-наурыз мерекесі мен балаларды қорғау күні мерекесіне 10000 теңгеден бір жолғы материалдық көмек төленді.
Аз қамтамасыз етілген жанұяларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, жалғыз басты аналарға, қарттарға  аудан бойынша заңды және жеке тұлғалар қаражаттары есебінен 874 адамға 8736,3 мың теңгенің көмегі отындай, азық-түлік, ақшадай көрсетілді. 
Жалпы білім беретін мектептердің аз қамтылған отбасылардан шыққан түлектерге облыстың жоғарғы оқу орындарындағы оқуын төлеу үшін 2 адамға 1627,0  мың теңге әлеуметтік көмек төленді.
01.10.2018 жылға  тұрғын үй көмегін тағайындау жөнінде 121 отбасы өтініш білдіріп, 3891,0  мың теңге тұрғын үй көмегі төленді.
«Жергілікті және өкілетті органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы азаматтарға төлемдер» бойынша арнаулы комиссияның қортындысы бойынша, 27 өтініш берушіге, 945,0 мың теңгенің материалдық көмегі көрсетілді.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқыту және олардың тәрбиесіне психологиялық медициналық – педагогикалық  кеңестің қортындысына сәйкес, 15 балаға ай сайын 9620 теңгеден  998,0 мың теңге жәрдемақы төленіп отыр.          
2018 жылы  аудан бойынша 24  әлеуметтік қызметкер 118 адамға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетті: 
7 - тірек - қимыл аппараты бұзылған адамдарға, 17 - психоневрологиялық ақауы бар балаларға, 18 жастан асқан психоневрологиялық ақауы бар  -28 адамға, 66- І-ІІ – топ мүмкіндігі шектеулі жандар мен жалғызбасты қарттарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілуде.
Жұмыспен қамтудың кешенді жоспары 01.10.2018 жылға 106% ға орындалды.
Ақылы қоғамдық жұмысқа  273 адам жіберілді немесе 101%  орындалды.
Кәсіптік білім беру және қайта даярлықтан өткен 9 адам, толық  тұрақты жұмысқа орналасты.
Жоғарғы және арнаулы оқу орындарын бітіріп келген 50 жұмыссыз жас «Жастар іс- тәжірибесіне» жіберіліп 102% ға, әлеуметтік жұмыс орнына  57 жұмыссыз  адам жіберіліп 143% орындалды.
01.10.2018 жылға жиыны 390 жұмыссыз адам тұрақты және маусымдық жұмыстарға орналасты.

 

 

01.01.2018 жылға 113 жұмыссыз адам  есепте тұр, жұмыссыздық деңгейі 1,5 пайыз. Жұмыссыздарды әлеуметтік жағынан қолдау көрсету және жұмыссыздықты азайтудың бір түрі ақылы қоғамдық жұмысқа жіберу 267 адам жіберілді. Кәсіптік оқуға және қайта даярлықтан өтуге 101 адам жіберілді. Жастар іс тәжірибесіне жоғарғы және арнаулы оқу орындарын бітіріп келген 80 жұмыссыз жастар жіберіліп, әлеуметтік жұмыс арқылы 51 жұмыссыз адам жұмысқа орналасты.
01.01.2018 жылға жиыны 610  жұмыссыз адам жұмысқа орналасты.01.01.2018 жылға 4 отбасыға және 18 отбасы мүшелеріне атаулы әлеуметтік көмек 785,0 мың теңге  төленді.
Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар 1620 балаға 38000,0 мың теңге  төленді. Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына және қатысушыларға теңестірілген адамдарға 60,0 теңгеден 14 адам,  Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілгендер, яғни ауруы ядролық сынақ салдарынан болған мүгедектерге бір жолғы 24000 теңгеден 311  адамға  8304,0 мың теңге коммуналдық қызметтерге өтемақы төлемдері төленді. Алтын алқа, Күміс алқа, І-ІІ-дәрежелі Ана даңқы орденімен марапатталған аналарға 603 анаға 6300,0 мың тенге 4 және одан да көп     18-ге толмаған балалары бар көп балалы аналарға 290 анаға 2900,0 мың теңге 8-наурыз  мерекесі мен балаларды қорғау күні мерекесіне 10000 теңгеден бір жолғы материалдық көмек төленді.
Аз қамтамасыз етілген жанұяларға аудан бойынша демеушілік арқылы  782 адамға 8100,0 мың теңгенің көмегі отындай, азық-түлік, ақшадай көрсетілді. Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын 23  мүгедек балаларға 8484 теңгеден 1700,0 мың тенге материалдық көмек төленді.

 

Парақтар өзгертілді: 01-11-2018