Әлеуметтік көмек түрлері


Мекен-жайы:

Қазақстан Республикасы
Шығыс Қазақстан облысы
Абай ауданы, Қарауыл ауылы  Құнанбай көшесі 14 үй
Факс: 9-15-05 
Е-mail: abai_c@mail.kz

Балалы отбасына берілетін мемлекеттік жәрдемақылар
«Балалары бар отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақы» Қазақстан Республикасында 2005 жылы 28 маусымда шыққан № 63-111 заңына сәйкес, балалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақы алуларына құқылы.
1.Бала туғанда берілетін жәрдемақылар.
2. Бала күтіміне байланысты берілетін жәрдемақы. 2006 жылдың 1 шілдесінен бастап беріледі.
3.18 жасқа толмаған балаларға берілетін жәрдемақы. Ол 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап беріледі. Аудан жұмыспен қамтамассыз ету әлеуметтік қорғау орталығынан беріледі.
18 жасқа толмаған балаларға берілетін жәрдемақы отбасы мүшелерінің айлық табысын айлық тамақтану қоржынына жетпеген жағдайда ғана беріледі.

Балалы отбасыларына және асыранды баласы бар отбасыларына келесі жағдайда жәрдемақы тағайындалмайды:


Егер әке-шешесі еңбекке жарамды,бірақ еңбек етпесе, жоғары оқу орынының күндізгі бөлімінде оқымаса, әскер қатарында болмаса, жұмыссыздыққа байланысты еңбек биржасында тіркеуде тұрмаса жәрдемақы тағайындалмайды.

Керекті  құжаттар:

  • Балаға жәрдемақы тағайындауына өтініш жазу;
  • Баланың туу туралы куәлігі;
  • Өтініш беруші кісінің жеке куәлігі;
  • Мекен-жайы тіркелген кітапша немесе анықтама қағазы;
  • Берілген ережеге сай отбасы мүшелерін растайтын мәлімет;
  • Берілген ережеге сай отбасы мүшелерінің айлық табысын анықтайтын құжат;
  • Жәрдемақы отбасы мүшелерінің айлық табысының орта есебін шаққанда ғана есептеледі.
  • Отбасы мүшелерінің айлық табысына қарай 1 айлық табысы жан басына шаққандағы есеп бойынша алынып, жәрдемақы есептеледі.

Отбасыларының табыс жиынтығын есептегенде, жәрдемақы алушы баланың келесі жағдайлары ескеріледі:

  • Әке-шешесімен бір отбасында тұру немесе тұрмауына байланысты емес және басқа қалаларда оқып жатса да, оқу орнының күндізгі бөлімінде оқитын, шәкіртақы алатын 18 жасқа толмаған студенттер мен оқушылар;
  • Отбасында өгей қыз немесе ұл болса, егер олар басқа ата-ана отбасында ескерілмесе;
  • Санаторияда, емдеу мекемелерінде, емделетін балалар, сонымен қатар асыраушылар мен қамқоршылар балалардың мектеп- интернатындағы оқу ақысын жартылай төлеп жатқан балалар.

Отбасы мүшелерінің табыс жиынтығын есептеу кезінде жәрдемақы төлеу үшін келесі жағдайлар ескерілмейді:

  • Ата- ана құқығынан айырылған балалар;
  • Ата-аналарының туыстары (асыраушылары), еңбекке жарамды әке-шешелері, зейнетақы алатын атасы, әжесі, ағасы, әпкелері;
  • 14 жастан жоғары жұмыс істейтін балалар;
  • Мемлекеттік қамқорлыққа алынған балалар;
  • Толық қамқорлық талабына сай меншік формасына байланысты емес білім ұйымдарында ақысыз оқып жатқан балалар;
  • Жедел қызмет ету қатарындағы әскерлер және әскери-құрылыс отрядтарында қызмет өтетін әскерлер;

Атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек көрсету.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246-11 «Мемлекеттік әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес мекен-жай бойынша әлеуметтік көмек алуға Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, тұрғын куәлігі бар және әрдайым ҚР тұратын, кедейшілік шегінен аспайтын орташа кірісі бар азаматтығы жоқ тұлғалар құқылы.
Мекен-жай бойынша әлеуметтік көмек бір айдан аса стационарлық ем қабылдауда болған мүгедектер мен тұлғаларды, оқушылар мен студенттерді, магистратура мен аспирантура, күндізгі оқу түрінің тыңдаушыларын және курсанттарын, сондай-ақ қарауында 1, 2 топтағы мүгедектер, сексен жастан асқан тұлғаларды және 7 жасқа дейінгі балалары бар азаматтарды қоспағанда жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілетті органдарда тіркелмеген жұмыссыздарға есептелмейді.

  • Өтініш беруші мекен-жай бойынша әлеуметтік көмек алу үшін бекітілген үлгідегі өтінішімен әлеуметтік жеке кодының нөмірін (ӘЖК) көрсетіп тұрғылықты жері бойынша өкілетті органға барады.

Өтінішке төмендегі құжаттар қосылу керек:

  • Отбасы құрамы туралы мәлімет;
  • Өтініш беруші отбасы мүшелерінің алынған кірістері туралы мәлімет;
  • Қосалқы шаруашылығы жөніндегі мәлімет.

Мекен-жай бойынша әлеуметтік көмек алу құқығы тоқсан сайын кірістер туралы құжатпен нақтыланып отырады.

  • Мекен-жай бойынша әлеуметтік көмек оны алуға құқы бар әрбір отбасы мүшесіне белгіленеді. Отбасы құрамына төмендегілер кірмейді:
  • Толықтай мемлекеттің қарауындағы балалар;
  • Интернат-үйде тұратын қарттар мен мүгедектер;
  • Шұғыл әскери қызметтегі тұлғалар;
  • Бостандығынан айыру орындарындағы, күштеп емдеу орталықтарындағы тұлғалар.

Мекен-жай бойынша әлеуметтік көмек ағымдағы тоқсанға белгіленеді және ай сайын төленеді.
Отбасының кірісіне тұрғындық және мекен-жай бойынша әлеуметтік көмектен басқа кірістердің барлық түрлері енеді.

  • Орташа кіріс өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған кірісті отбасы мүшелері санына және үш айға бөлу арқылы есептеледі.
  • Тұлғаға (отбасына) шаққандағы мекен-жай бойынша әлеуметтік көмек мөлшері әрбір отбасы мүшесіне есептегенде орташа кіріс пен кедейлік шегі арасындағы айырмашылық түрінде есептеледі. Отбасы құрамы және кіріс өзгерген жағдайда белгіленген мекен-жай бойынша әлеуметтік көмек мөлшері қайта есептеледі. Артық төленген сома ерікті түрде қайтаруға жатады, қарсы болған жағдайда – сот тәртібінде қаралады.

Үйде тәрбиеленіп оқылатын мүгедек балалардың отбасыларына берілетін жәрдемақы.
Жәрдемақы тағайындау үшін келесі құжаттарды қажет етеді:

  • Өтініш
  • Туу туралы куәлік
  • Аумақтық әлеуметтік жұмыссыздықпен қамту орталығының шешімімен берілген акт (көшірмесі)
  •  Ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша берілген анықтама қағазы
  • Отбасы мүшелерінің тіркелген кітапшасы (мекен-жайы туралы анықтама)

Егерде Жәрдемақы бірінші рет тағайындалса,онда ол өтініш берген күннен есептеледі.

Туылған нәрестеге берілетін жәрдемақы


Жәрдем ақы алу үшін мынадай құжаттар қажет:

  • Жеке куәлік (түп нұсқасы және көшірмесі);
  • Салық төлеушінің нөмірі  (түп нұсқасы және көшірмесі);
  • ӘЖК  (түп нұсқасы және көшірмесі);
  • Халық банкісінен ашылған жеке шот номері (түп нұсқасы);
  • Үйдің тіркеу кітабы (түп нұсқасы және көшірмесі);
  • Баланың туу туралы куәлігі  (түп нұсқасы және көшірмесі).

Азаматтарды жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауы туралы ақпарат.
Қазақстан Респубикасының «Тұрғындарды жұмыспен қамту» заңына сәйкес ауданда келесі жұмыстар жүргізілуде:

  • Азаматтарды жұмыспен қамту
  • Жұмыссыз азаматтарды қайта дайындық курстарынан өткізу,білімдерін көтеру жұмыстары
  • Қоғамдық мекемелердің қоғамдық жұмыстарының ақысын төлеу
  • Әлеуметтік жұмыс орындарын құру
  • 18 жасқа толмаған балалары бар отбасыларына жәрдемақы төлеу тағы басқа іс-шаралар жүргізілуде.

Жұмыспен қамту орталығына тіркелу үшін келесі құжаттар қажет.

  • Жеке куәлік (түп нұсқасы, көшірмесі)
  • Еңбек кітапшасы (түп нұсқасы)
  • Тұрғын үй кітапшасы (түп нұсқасы)
  • Диплом (білімі туралы анықтама)
  • Жеке әлеуметтік коды (түп нұсқа )

 «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы »

Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау үшін, өтініш беруші тұрғылықты тұратын жері бойынша уәкілетті органға немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына өзінің және барлық отбасы мүшелерінің ЖСН болған кезде өтінішті және мынадай құжаттар ұсынады:
1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктің тұруға ықтиярхаты);сондай-ақ оралмандар үшін – оралман куәлігі;
2) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) не туу туралы актілік жазбадан үзінді;
3) мемлекеттік қызмет алушының деректері баланың туу туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген жағдайда, неке қию (бұзу) туралы куәлік;
4) құжаттардың түпнұсқалары негізінде толтырылған отбасының құрамы туралы белгіленген үлгідегі мәліметтер;
5) отбасы мүшелерінің табыстары туралы белгіленген үлгідегі мәліметтер;
6) отбасының тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат немесе мекенжай анықтамасы;
7) балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді немесе асырап алуды растайтын құжат;
8) жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік шоттың нөмірлері туралы мәліметтерді растайтын құжат.
9) өтінішті және қажетті құжаттарды басқа адам берген жағдайда сенімхат.

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек»

Өтініш беруші атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін өз атынан немесе отбасы атынан тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға, ал ауылдық жерлерде ауылдық округ әкіміне белгіленген үлгіде өтініш жолдайды. Өтінішке мынадай құжаттар қоса тіркеледі.
1) отбасы құрамы туралы мәлімет;
2) адамның (өтініш берушінің отбасы мүшелерінің) алған табыстары туралы мәліметтер;
3) жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы мәліметтер;
4) көрсетілетін қызметті алушының (отбасы мүшелерінің) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат не мекенжай анықтамасы;
5) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан жағдайда әлеуметтік келісімшарт.

«Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз ету»

Өтініш беруші үйде оқитын мүгедек балаларға материлдық қамтамасыз ету үшін өз атынан тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға белгіленген үлгіде өтініш береді. Өтінішке мынадай құжаттар қоса тіркеледі:

  • көрсетілетін қызметті алушының, заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат;
  •  тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауылдық әкімнің анықтамасы);
  • психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы;
  • мүгедектігі туралы анықтама;
  • банкте шотының барлығы туралы құжат;
  • мүгедек баланың үйде оқитындығы фактісін растайтын оқу орнының  анықтамасы;

 «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою»
Өтініш беруші уәкілетті органға немесе орталыққа өтініш білдірген кезде, мынадай құжаттарды ұсынады:
1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе төлқұжаты, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ыхтиярхаты және азаматтығы жоқ адамның куәлігі), сондай-ақ оралмандар үшін – оралман куәлігі;
2) зейнетақы келісім шарты;
3) еңбек кітапшасы;
4) диплом немесе аттестат;
5) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;

Тұрғын үй көмегiн тағайындау
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін, отбасы (азамат) уәкілетті органға  немесе ШҚО бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорының Абай аймақтық бөліміне өтініш береді және мынадай құжаттарды     ұсынады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2)   тұрғын үйге құқық беретін құжаттың   көшірмесі;
3) азаматтарды тіркеу  кітабының көшірмесі;
4)   отбасының табысын   растайтын құжаттар;
5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың    мөлшері    туралы шоттар;
6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған   шоттар;
7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек – шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге   арналған   шарттың   көшірмесі;
8)  жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.

 

 

 

Парақтар өзгертілді: 30-04-2015