Спорт


Жетістіктер

Аудан бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі айналысушылар саны 4480 адам ол жалпы халық санының 30,7 пайызын құрайды.
Биылғы жылы жағажай волейболдан аудан құрама командасы жеңімпаз атанды. Бүгінгі күні аудан көлемінде 11 жалпы білім беретін мектептер мен 1 БЖСМ жұмыс жасайды. 2019 жылы аудан бойынша 88 спорт маманы жұмыс атқаруда. Оның 49 жалпы орта білім беретін мектептерде, 39 спорт мектебінде қызмет атқаруда.
Сондай-ақ, аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 961 оқушы 72 топта спорттың 9 түрі бойынша жаттығады. Атап айтқанда бокс, волейбол, дзюдо, жүзу, таэквондо, үстел теннисі, футбол, қазақ күресі және тоғызқұмалақ. Сонымен қатар, барлық ауылдық округтерде спорт мектебінің филиалдары жұмыс жасайды. Мысалы Қасқабұлақ ауылында қазақ күресі, Ордада бокс, Архатта қазақ күресі, Құндыздыда дзюдо, Көкбайда футбол, қазақ күресі, Медеуде қазақ күресі, Саржалда бокс, волейбол, дзюдо, Тоқтамыста волейбол, қазақ күресі, Кеңгірбай би ауылында бокс, волейбол, қазақ күресі бөлімдері жемісті еңбек етуде.
2005-2006 ж.т. қыздар арасындағы Смайлов Құрмет Фазылұлын еске алуға арналған волейболдан Қалбатау ауылының III ашық турнирінде аудан құрамасы 2 орын алды.
Ұлан ауданында өткен «Сібе» көлдері жағасындағы облыс әкімінің кубогына арналған жағажай волейболынана аудан құрамасы 3 орынды иеленсе, Семей қаласында жағажай волейболынан «Балалар үйінің кубогы» үшін өткен әуесқой командалар арасындағы қалалық турнирде аудан құрама командасы 1 орынға ие болды. Сондай-ақ т.б. көптеген спорт түрлерінен жүлделі орындарға ие болып жүр.
Өскемен қаласында Мемлекеттік қызметшілер арасында XVІІ облыстық спартакиадада спорттың 6 түрінен өткізіліп келеді. Атап айтсақ: Үстел теннисі, Шахмат, бильярд, жүзу, футбол және волейбол ойындары. Абай ауданының құрама командасы аталған барлық спорт түріне қатысады. Биыл спартакиадада үстел теннисінен аудан құрама командасы 6 орын алса, футболдан 1 орынға ие болды.
Биыл Нұғымаров Айбек 2 мәрте «Қазақстан Барысы» атанды.
Сонымен қатар ауданымызда ұлттық спорт түрлері, оның ішінде ат спорты жақсы қарқынмен дамып келе жатқанын айта кеткен орынды. Барлық ауылдық округтерде ат ұстаущылар саны артып келеді.

 

 

Парақтар өзгертілді: 22-07-2019